Ұлттық банк борышкердің шотында ең төменгі күнкөріс мөлшерін қалдыруды қолдады
Сурет авторы: fingramota.kz
Қазақстанда сот орындаушысы борышкердің банк шотын бұғаттаған кезде де оның күнкөрісіне қажетті ең төменгі соманы қалдыру ұсынылды. Ұлттық банк бұл мәселені заңмен реттеуді қолдады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Вағапов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді.
7 қазанда Құрылтай депутаты Алмас Мұхаметов қарызы бар адамның шотында күнделікті қажеттілігіне жететін ең төменгі ақша міндетті түрде қалуы керек деген ұсыныс айтқан.
Қазір банктің өзі мерзімі өткен несие қарызын өндірген жағдайда белгілі бір қорғаныс бар. Банк шоттағы немесе заңды тұлға мен жеке кәсіпкерден түскен ақшаның 50%-дан астамын ұстай алмайды. Бұған қоса, клиенттің шотында ай сайын екі күнкөріс минимумы – 2026 жылы 101 702 теңге қалуға тиіс.
Жалақы немесе басқа табыс сот орындаушысы арқылы өндірілген жағдайда да борышкерге түскен ақшаның кемінде 50%-ы қалуы керек. Оның мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем болмауға тиіс.
Алайда бұл талап алимент өндіруге, денсаулыққа келтірілген зиянды өтеуге және асыраушысынан айырылуға байланысты төлемдерге қолданылмайды.
Мәселе сот орындаушысы банкке өндіріп алу туралы өкім жіберген кезде туындайды. Ұлттық банктің түсіндіруінше, қазіргі заңда мұндай жағдайда борышкердің шотында күнкөріс минимумын міндетті түрде қалдыру талабы жоқ. Банк сот орындаушысының өкімін шоттағы немесе кейін түсетін ақша есебінен орындауға міндетті.
Тағы бір мәселе – сот орындаушылары борышкердің әр банктегі бірнеше шотын бір мезгілде қарыздың толық сомасына бұғаттай алады. Соның салдарынан бұғатталған жалпы ақша нақты берешектен бірнеше есе көп болуы мүмкін.
Осыған байланысты Ұлттық банк заңнамаға үш өзгеріс енгізуді ұсынып отыр: сот орындаушысының өндіріп алу туралы өкімін орындаған кезде борышкерге кемінде күнкөріс минимумын қалдыру; бірнеше банк шоты болған жағдайда оларды бұғаттау тәртібін нақтылау; қажетті сома бір шотта бұғатталса, басқа шоттарға салынған бұғатты қайтаруға банктерге мүмкіндік беру.
Ұлттық банк бұл ұсыныстарды Әділет министрлігіне жолдаған.
Әзірге бұл өзгерістер күшіне енген жоқ. Оларды іске асыру үшін атқарушылық іс жүргізу және төлемдер туралы заңнамаға өзгеріс енгізу қажет.
Соңғы жаңалықтар
-
Отбасы неғұрлым мұқтаж болса, мемлекет көмегі соғұрлым артады – Еңбек министрі
3 сағат бұрын
-
Қандай жәрдемақылар табысқа қарамай төленеді? Толық тізім
3 сағат бұрын
-
Еңбек министрі табысы мен мүлкін жариялап, отбасының санатын тексерді
4 сағат бұрын
-
Бала туғандағы төлем кімге беріледі: А-дан Е-ге дейінгі санаттар бойынша түсіндірме
4 сағат бұрын
-
NURORDA-ның екі оқушысы халықаралық физика олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
4 сағат бұрын
-
Ұлттық банк борышкердің шотында ең төменгі күнкөріс мөлшерін қалдыруды қолдады
4 сағат бұрын
-
200-ден астам қазақстандық жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты
5 сағат бұрын
-
Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып жаңа халықаралық бастамаға қосылды: ол не береді?
5 сағат бұрын
-
Қазақстан Газаны қалпына келтіруге үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді
6 сағат бұрын
-
Үйі мен көлігі бар отбасы да жәрдемақы ала алады – Еңбек министрлігі
8 сағат бұрын
-
Астанада 170 пәтерді заңсыз иемденбек болған: іске полицейлердің де қатысы болуы мүмкін
9 сағат бұрын
-
Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша айып тағылуда – Алматыда сот процесі басталды
10 сағат бұрын
-
407 мың қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын пайдаланды: ақша қайда жұмсалды?
10 сағат бұрын
-
2027 жылдан бастап екі әлеуметтік төлем 8,5%-ға өсуі мүмкін
10 сағат бұрын
-
Navai-дың ұсталуына байланысты Ресей Қазақстанға нота жолдады
11 сағат бұрын
-
Семейде нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды
11 сағат бұрын
-
30 мыңнан астам қазақстандық әйел бала күтіміне берілетін жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Тоқаев Израиль Президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
1 күн бұрын
-
Reuters: Қазақстанмен байланыстырылған хакерлер Ресейдегі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған
1 күн бұрын
-
Алматылық жастар кітап оқып, ақшалай сыйлық ұта алады
1 күн бұрын
-
Еуроодақ ресейліктерге кіру тәртібін қиындатпақ: Шенген аймағында не өзгеріп жатыр?
1 күн бұрын
-
Отбасы банк қазақстандықтарға алты ай күтпей-ақ пәтер сатып алуға мүмкіндік берді
1 күн бұрын
-
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін өсті
1 күн бұрын
-
Зумерлердің жаңа құпиясы: Кэшбэктер мен банк бонустары қымбатшылықты қалай жеңіп жатыр
1 күн бұрын
-
БҰҰ Қазақстанды тұрмыстағы зорлық-зомбылықты жеке қылмыс ретінде тануға шақырды
1 күн бұрын
-
Футбол тарихындағы ең ірі инвестиция: Қазақстан ФИФА-дан қанша миллиард тенге алады?
1 күн бұрын
-
Рэпер Navai Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды
1 күн бұрын
-
ШҚО-да үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты
2 күн бұрын
-
Astana Media Week 2026 аясында медиа саласындағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды
2 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді
2 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың деректері шетелде өңделе ме: Yandex-тегі ақаудан кейін депутаттар тексеріс талап етті
2 күн бұрын
-
Қошанов: Реформалар елді бүгін өзгертсе, құндылықтар оның елу жылдан кейін қандай болатынын айқындайды
2 күн бұрын
-
Табыс қана емес: Қазақстанда жәрдемақы алатындардың шығыны да тексеріледі
2 күн бұрын
-
Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма? Жұманғарин жауап берді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда 529 мың адам жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
2 күн бұрын
-
РФММ-дегі балалардың жаппай улануы: асханадан заң бұзушылықтар табылды
2 күн бұрын
-
Үкімет жәрдемақыны қысқартып, қанша қаржы үнемдемек
2 күн бұрын
-
Маман тапшылығы шектен шықты: Елдегі ең дефицит дәрігер мамандықтары анықталды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жол салу жүйесі түбегейлі өзгермек
2 күн бұрын
-
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті: РФММ жұмысы уақытша тоқтатылды
2 күн бұрын
-
Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқан inDrive жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
2 күн бұрын
-
Ипотека алу жеңілдей ме: Үкімет алғашқы жарнаны азайтуды тапсырды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді
3 күн бұрын
-
17 жылға бас бостандығынан айырылды : Астанада Telegram арқылы есірткі сатқандар сотталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың нақты табысы қаншалықты өсті?
3 күн бұрын
-
Астанада бір кеште 50 отбасы баспаналы болды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі тағы да көтерілді
3 күн бұрын
-
Қазақстан АЭС салуға қаншалықты дайын: МАГАТЭ миссиясы Астанаға келді
3 күн бұрын
-
Каспий жағалауынан тағы 15 итбалықтың өлексесі табылды
3 күн бұрын