$ 454.14 € 509.23 ₽ 5.41

Рэпер Navai Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды

Абдрахманов Мағжан
15 қазан 2026, 09:05
Рэпер Navai Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды Сурет авторы: Михаил Синицын / ТАСС

HammAli & Navai дуэті арқылы танылған ресейлік орындаушы Navai 13 қазанда Қазақстанға кіреберістегі «Қордай» шекара бекетінде ұсталды.

Полиция мәліметінше, әнші отырған көлікті тексеру кезінде есірткі заттары табылған. Осыған байланысты орындаушыға есірткі заттарын контрабандалық жолмен алып өтуге оқталды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды.

Қазір Navai уақытша ұстау изоляторында отыр. Істің өзге мән-жайы әзірге жарияланған жоқ.

14 қазанда орындаушы Астанада концерт беруі керек болған. Алайда концерт өтпей қалды. Ұйымдастырушылар оның кейінге шегерілуін техникалық себептермен түсіндірген.

Navai – әзербайжан текті ресейлік рэп орындаушысы Наваи Бакировтың сахналық есімі. Ол көпшілікке HammAli & Navai дуэтінің мүшесі ретінде танылған.

Соңғы жаңалықтар