$ 450.62 € 504.2 ₽ 5.36

ШҚО-да үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты

Абдрахманов Мағжан
14 қазан 2026, 18:15
ШҚО-да үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты Сурет авторы: Pixabay

Шығыс Қазақстан облысында тұрғын үйден шыққан өртті сөндіру кезінде әйел мен екі баланың денесі табылды, деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт Бобровка ауылындағы тұрғын үйде шыққан. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде үйді түгелдей жалын шарпып, шатыры опырылып түскен.

«Өртті сөндіру кезінде әйел мен кәмелетке толмаған екі баланың денесі табылды. Өрт 63 шаршы метр аумақта толық сөндірілді», – делінген хабарламада.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар