$ 450.62 € 504.2 ₽ 5.36

Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті: РФММ жұмысы уақытша тоқтатылды

Абдрахманов Мағжан
14 қазан 2026, 10:06
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті: РФММ жұмысы уақытша тоқтатылды Сурет авторы: fizmat.kz

Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жіті ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Осыған байланысты мектеп, интернат және асхананың жұмысы уақытша тоқтатылды.

Балалар 12 және 13 қазанда қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Қазір олардың барлығы дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Тағы сегіз оқушы мектеп интернатында оқшауланған.

Оқиғадан кейін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандары тексеру бастады. Зертханалық сараптама жүргізу үшін қажетті сынамалар алынған.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің нұсқамасымен РФММ, мектеп интернаты және асхананың жұмысы уақытша тоқтатылды.

Балалардың неден сырқаттанғаны әзірге нақты айтылған жоқ. Оның себебі тексеру мен зертханалық зерттеулердің қорытындысы бойынша анықталады.

Соңғы жаңалықтар