$ 448.45 € 501.59 ₽ 5.36

Қазақстан АЭС салуға қаншалықты дайын: МАГАТЭ миссиясы Астанаға келді

Редакция
13 қазан 2026, 14:21
Қазақстан АЭС салуға қаншалықты дайын: МАГАТЭ миссиясы Астанаға келді Сурет авторы: news.un

12–15 қазан аралығында Астанада Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) миссиясы өтіп жатыр. Оның мақсаты – Қазақстанның атом электр станциясын (АЭС) салуға арналған инфрақұрылымының дайындығын бағалау. Сарапшылар ұлттық есепті талқылап, алдағы INIR миссиясына дайындық жұмыстарын пысықтауда.Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттік хабарлады.

 

Бағдарлама 19 бағытты қамтиды. Оның ішінде ядролық қауіпсіздік, заңнама, қаржыландыру, мамандар даярлау, электр желілерінің дайындығы және ядролық отын циклі мәселелері бар. Жұмысқа Атом энергиясы агенттігі, «Қазақстандық атом электр станциялары» және «Қазатомөнеркәсіп» өкілдері қатысуда.

 

Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр. Алғашқы «Балқаш» АЭС-і Алматы облысындағы Үлкен ауылының маңында салынады. Консорциум жетекшісі ретінде «Росатом» таңдалған. Іске қосу 2035–2036 жылдарға жоспарланған. Жобаның құны 16,4 млрд доллар құрайды.

 

Ислам Баман

Соңғы жаңалықтар