$ 448.45 € 501.59 ₽ 5.36

Астанада бір кеште 50 отбасы баспаналы болды

Редакция
13 қазан 2026, 15:20
Астанада бір кеште 50 отбасы баспаналы болды Сурет авторы: Харекет
«Харекет» қайырымдылық қорының 9 жылдығына орайластырылған «Елордадан 50 баспана» мерекелік концерті бір мезетте 50 шаңырақты үлкен қуанышқа кенелтті.
 
2017 жылы Гүлмира Мұханқызы негізін қалаған және бүгінде Айдана Қалдыбекқызы басқарып отырған «Харекет» қоры тоғыз жыл ішінде қайырымдылықты үлкен халықтық қозғалысқа айналдырды. Осы уақытқа дейін қордың септігімен 1800-ге жуық отбасы баспаналы болған. Ұйым бұған дейін де «30 күнде – 30 баспанадан» бастап, «200 күнде – 200 баспанаға» дейінгі ауқымды марафондарды сәтті өткізген еді.
Жобаның басты феномені — үйлердің белгілі бір демеушінің емес, тікелей мыңдаған жанашыр қазақстандықтың атынан, яғни халық атынан сыйға тартылуында. Бұл жолы да көмек тек ірі қалалармен шектелмей, еліміздің шалғай ауылдары мен аудан орталықтарындағы мұқтаж жандарды түгел қамтыды.

Соңғы жаңалықтар