$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Шетелде құлдықта жүрген екі қазақстандық босатылды

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 3806
Шетелде құлдықта жүрген екі қазақстандық босатылды Сурет авторы: NULL

Сыртқы істер министрлігі Таиландта екі қазақстандықтың еңбек құлдығынан босатылғанын хабарлады. СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың сөзінше, өткен айдың соңында Қазақстанның Таиландтағы консулының мессенджеріне "Алтын үшбұрышта" (Таиланд, Мьянма және Лаостың таулы аймақтарында орналасқан географиялық аймақ) қазақ азаматы еңбек құлдығына түскені жөнінде хабарлама келген.

"Жергілікті билікпен келісіп әрекет еткеннен кейін, ол жақта шын мәнінде біздің екі қазақстандық азамат барын анықтадық. Бір ай бойы оларды босату үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасап, келіссөз жүргіздік. Қазір олар босатылды, Қазақстанға келе жатыр" деді Смадияров.

Екі азамат бұл аудандарда еңбек құлдығы барын біле тұра, "жоғары жалақы төлейміз" деген жарнамаға алданып қалған. Смадияровтың айтуынша, екі қазақстандық қыз жұмыс істеген компания олардан қомақты ақша сұраған. Бірақ оларды қаражатсыз босатып алған.

Қазақстан СІМ мәліметінше, кейінгі екі жылда аталған аймақта 200 Қазақстан азаматы құлдыққа түскен.

Соңғы жаңалықтар