$ 518.39 € 603.09 ₽ 6.68

Роза Рымбаева сахнамен қош айтысуы мүмкін

Редакция
10 желтоқсан 2025, 13:53
Роза Рымбаева сахнамен қош айтысуы мүмкін Сурет авторы: YouTube/GAKKU TV

Қазақстанның Халық әртісі, қазақ эстрадасының символына айналған Роза Рымбаева “Abai TV” арнасындағы “Сарасөз” бағдарламасына берген сұхбатында көпшілікті толқытқан маңызды жаңалығын айтты. Аңыз әншінің мәлімдеуінше, ол алдағы уақытта ресми түрде үлкен сахнамен қоштасуы мүмкін.

Қазіргі таңда Роза Қуанышқызы шығармашылық жолындағы ең ірі жобалардың біріне – 50 жылдық есеп беру концертіне дайындалып жатыр. Бұл мерейтойлық кеш оның өнер жолындағы ерекше белес болмақ.

Әнші бұл концерттің үлкен сахнадағы соңғы жеке кеші болуы ықтимал екенін жасырмады.

«Бұл – өнер жолымдағы ең жауапты әрі маңызды кезеңдердің бірі. Осы концерттен кейін ресми сахнамен қоштасуым мүмкін. Осындай ниет бар. Әрине, анда-санда үлкен концерттерге қатысып тұрамын», – деді Роза Рымбаева.

Соңғы жаңалықтар