$ 447.8 € 516.76 ₽ 5.3

АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды

Абдрахманов Мағжан
15 қыркүйек 2026, 12:25
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды Сурет авторы: Kevin Dietsch / Getty Images

АҚШ-тың Флорида штатында Қазақстан азаматы көші-қон қызметінің өкілдері тарапынан ұсталды. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты растады.

Ведомство мәліметінше, әйелдің АҚШ аумағында заңды көші-қон мәртебесі болмаған. Бұған дейін оның үш баланың анасы екені хабарланған.

Қазір қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың мемлекеттік органдарымен және ұсталған әйелдің отбасымен байланыста.

«Қазақстан азаматына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр», – деп мәлімдеді Сыртқы істер министрлігі.

Әйелдің қашан ұсталғаны, АҚШ-та қанша уақыт тұрғаны және оған қатысты қандай шешім қабылданатыны әзірге хабарланған жоқ.

Соңғы жаңалықтар