$ 444.58 € 510.29 ₽ 5.27

Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды

Абдрахманов Мағжан
18 қыркүйек 2026, 17:25
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды Сурет авторы: Алматы ПД

Алматыда электр самокат мінген ер адам жол апатынан қаза тапты. Ол Шығыс айналма жолында сағатына 90 шақырымға дейін жылдамдықты арттырып, самокатты басқара алмай қалған, деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.

Полиция мәліметінше, ер адам өзімен бір бағытта келе жатқан автокөлікті басып озуға әрекет жасаған. Осы кезде электр самокатын басқара алмай, апатқа ұшыраған.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері жеткенімен, ер адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Ол алған жарақатынан көз жұмды.

Полиция оқиғаның бейнебақылау камералары мен сол маңнан өткен көліктердің бейнетіркегіштеріне түскен жазбаларын жариялады.

Алматы полициясы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Апаттың мән-жайы анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар