$ 447.8 € 516.76 ₽ 5.3

Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты

Абдрахманов Мағжан
15 қыркүйек 2026, 09:46
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты Сурет авторы: depositphotos

Қазақстанның ұлттық валютасы долларға шаққанда нығайып, бағам 449 теңгеге дейін түсті. Экономист Алмас Чукин қазіргі теңге бағамын шамадан тыс нығайған және уақытша құбылыс деп бағалады. Ол бұл туралы Digital Business басылымына берген пікірінде айтты.

Экономистің сөзінше, теңгенің нығаюына бірнеше жағдай әсер етіп отыр. Соның бірі – нарықтағы теңге көлемінің азаюы. Бұған базалық мөлшерлеме, ең төменгі резервтік талаптар және басқа да реттеу тетіктері ықпал еткен.

Бұған қоса, әлемдік нарықтағы мұнайдың жоғары бағасы қысқа мерзімде теңгеге қосымша қолдау көрсетіп отыр.

Доллар 400 теңгеден төмен түсуі мүмкін бе?

Чукин доллар бағамының 400 теңгеден төмендеу ықтималдығын жоққа шығармайды, алайда мұндай жағдайды екіталай деп санайды.

«Бағам 300 теңге аймағына түсе ме деген мәселеде ешкіммен дауласпаймын. Бәрі мүмкін, ал салмақты экономист кез келген нұсқаны ескеруі керек. Бірақ меніңше, мұның ықтималдығы өте төмен», – деді ол.

Экономист керісінше, алдағы уақытта теңге аздап әлсіреуі мүмкін деп есептейді. Оның айтуынша, қазіргі бағам онсыз да тым жоғары деңгейде нығайып кеткен, оған маусымдық жағдай да әсер етіп отыр.

Доллар 470–490 теңгеге оралуы мүмкін

Алмас Чукиннің алдағы бір жылға арналған негізгі болжамы бойынша, доллар бағамы 470–490 теңге аралығына қайта оралуы ықтимал.

Сарапшы теңге бағамына Ұлттық қордан алынатын қаражат көлемі де әсер ететінін атап өтті. Оның айтуынша, биыл Үкімет Ұлттық қордан нысаналы трансферт алмаған. Ал 2027–2029 жылдарға жоспарланған қаражат алу көлемі бұған дейінгі жоспармен салыстырғанда 5 трлн теңгеге ұлғайтылған.

Соңғы жаңалықтар