$ 444.58 € 510.29 ₽ 5.27

Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады

Абдрахманов Мағжан
18 қыркүйек 2026, 10:38
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады Сурет авторы: primeminister.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы болып тағайындалды.

Смайылов бұл қызметті бұған дейін де атқарған. Ол Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы қызметіне алғаш рет 2024 жылғы 1 сәуірде тағайындалған. Бұған дейін 2022–2024 жылдары Қазақстан Премьер-Министрі болды. Сондай-ақ әр жылдары Қаржы министрі, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары, Президенттің көмекшісі және статистика саласындағы мемлекеттік органдардың басшысы қызметтерін атқарған.

Биылғы алғашқы жартыжылдықта Жоғары аудиторлық палата жалпы сомасы 5,8 трлн теңгені қамтыған 13 ірі мемлекеттік аудит жүргізді. Тексеру жекелеген өңірлердің әкімдіктерін, «Проблемалық кредиттер қорын», «Қазпоштаны», Ақтау теңіз портын және денсаулық сақтау инфрақұрылымын қамтыды. Екінші жартыжылдықта тағы 20 мемлекеттік аудит жүргізу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар