$ 447.8 € 516.76 ₽ 5.3

Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді

Редакция
14 қыркүйек 2026, 19:26
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді

Алматы қаласында Қала күнін мерекелеу аясында 19-20 қыркүйек аралығында дәстүрлі «Кітап Fest» кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Ауқымды мәдени іс-шара Жибек жолы көшесіндегі Арбат аумағында өтеді.

Мәдени жобаны Алматы қаласы Мәдениет басқармасының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұйымдастырып отыр.

Бұл күндері тұрғындар мен қала қонақтарына отандық 60-тан астам жетекші баспаның өнімдері ұсынылады. Келушілер әдеби жаңалықтармен танысып, қажетті кітаптарды сатып алумен қатар, танымал ақын-жазушылармен жүздесуге мүмкіндік алады.

Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, заманауи әдебиетті насихаттау және отандық баспа жобаларын кеңінен таныстыру болып табылады.

Жәрмеңке жұмысы екі күн бойы сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жалғасады. Барлық тілек білдірушілер үшін іс-шараға кіру тегін.

Соңғы жаңалықтар