Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
Сурет авторы: Getty Images
АҚШ Президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина бір-бірінің энергетикалық нысандарына соққы жасамауға келіскенін мәлімдеді. Алайда Украина Президенті Владимир Зеленский Киевтің мұндай қадамға белгілі бір шарттар орындалғанда ғана дайын екенін айтты. Ресей Трамптың мәлімдемесіне әзірге пікір білдірген жоқ.
«Украина Ресейдің энергетикалық нысандарына соққы жасамауға келісті. Ресей де дәл солай жасауға келісті», – деп жазды Трамп Truth Social желісінде.
АҚШ Президенті әлемде дизель отынының қымбаттауын да Ресей мен Украина арасындағы соғыспен байланыстырды. Бір күн бұрын Трамп Зеленскийді Ресейдегі дизель өндіруге қатысы бар нысандарға шабуылды тоқтатуға шақырған еді. Оның айтуынша, мұндай соққылар әлемдік нарықта отын тапшылығын күшейтіп отыр.
Зеленский: Серіктестерден нақты ұсыныс күтеміз
Владимир Зеленский кейінірек Украинаның ұстанымын түсіндірді. Оның сөзінше, Киев энергетикамен ғана шектелмей, халықтың күнделікті тіршілігін қамтамасыз ететін маңызды инфрақұрылымды түгел қамтитын ұзақ мерзімді әрі сенімді келісім болғанын қалайды.
Оған энергетика нысандарымен қатар порттар, жүк тасымалы, азық-түлік және басқа да маңызды инфрақұрылым кіруі керек.
Зеленский Украина Ресейдің мұндай келісімді сақтайтынына сенімді емес екенін де айтты. Сондықтан Киев АҚШ пен басқа серіктестерден Мәскеудің келісімді орындайтынына қатысты нақты кепілдік күтеді.
«Серіктестерден нақты ұсыныс күтеміз», – деді Зеленский.
Ол маңызды инфрақұрылымға өзара соққыны тоқтату соғысты бәсеңдететін және бейбітшілікке бастайтын алғашқы қадам болуы мүмкін екенін айтты. Reuters мәліметінше, Киев АҚШ Мәскеудің келісімді шынымен орындайтынына кепілдік берсе, өз тарапынан соққыларды тоқтатуға дайын.
Келісім әлі түпкілікті бекітілмеген болуы мүмкін
Financial Times журналисі Кристофер Миллер Киевтегі келіссөздерге қатысы бар дереккөздеріне сүйеніп, Трамп энергетикалық бітім туралы мәлімдеме жасауға асыққан болуы мүмкін екенін жазды. Оның мәліметінше, келісім бойынша жұмыс жүріп жатыр, бірақ әзірге оны түпкілікті жасалған мәміле деп айтуға болмайды.
Reuters те Зеленскийдің Трамп жариялаған келісімді ресми түрде растаған жоқ екенін жазады. Украина тарапы ұзақ мерзімді және сенімді тетік қажет екенін айтып отыр.
Ресей Трамптың Ресей мен Украина энергетикалық нысандарға өзара соққыны тоқтатуға келісті деген мәлімдемесіне әзірге ресми жауап берген жоқ.
Соңғы жаңалықтар
-
2027 жылы Қазақстанда ең жоғары декреттік төлем мөлшері 29 пайызға өседі
21 минут бұрын
-
Мектеп бағдарламасына бокс пен дзюдо енгізіле ме? Қазақстан Халық Кеңесінде маңызды бастамалар көтерілді
1 сағат бұрын
-
Қазақстанда бедеулікті емдеу мен ЭКО жасату тәртібі түбегейлі өзгерді
1 сағат бұрын
-
АҚШ-та 1000-нан астам әуе рейсі тоқтап қалды
1 сағат бұрын
-
Қазақстанда шетелге шығу құжатын рәсімдеу ережесі өзгерді
18 сағат бұрын
-
Тәуелсіздіктің 35 жылдығы қарсаңында: ШҚО-да ауыл шаруашылығы қауіпсіздігін күшейтетін қандай жоба жүзеге асты
18 сағат бұрын
-
Экологияға жанашырлық: ғалымдар Almaty SuperSki жобасының экологияға зиянсыз екенін растады
19 сағат бұрын
-
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекеті 2027 жылдың соңына дейін көліктер үшін жабылады
19 сағат бұрын
-
Елде шошқа тұмауының 295 дерегі тіркелді: Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі ахуалды түсіндірді
20 сағат бұрын
-
Қазақстандағы алғашқы UFC турнирі қай қалада және қашан өтеді
20 сағат бұрын
-
Президент Қазақстанның стратегиялық дамуын жоспарлайтын жаңа сарапшылар тобын бекітті
22 сағат бұрын
-
Алматыда жаңа жыл түнінде отшашу атқандарға 130 мың теңгеге дейін айыппұл салынады
23 сағат бұрын
-
Ақтөбе облысында мектеп бухгалтерлері директордың ЭЦҚ кілті арқылы 82 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған
1 күн бұрын
-
Оңтүстік Кореяның Білім министрі емтихандағы жасанды интеллект дауынан кейін қызметінен кетті
1 күн бұрын
-
Қазақстандағы алғашқы UFC турнирі өтуі мүмкін екі ірі спорт аренасы аталды
1 күн бұрын
-
Қазақстанда мемлекеттік органдардың формалды жауаптарына қатысты шағымдар көбейді
1 күн бұрын
-
23–27 қараша аралығында Алматының бірқатар ауданында жарық болмайды
1 күн бұрын
-
Еуропада қымбатшылық пен баспана бағасының өсуіне қарсы жаппай ереуілдер басталды
1 күн бұрын
-
Словакияда төрт қазақстандық студент полиция болып көрініп, ақша бопсалады деген күдікке ілінді
2 күн бұрын
-
Жапонияда жанартау атқылады
2 күн бұрын
-
Асу Алмабаев Хоригутиге есе жіберді
2 күн бұрын
-
Дияр Нұрғожай америкалық файтерді 2-раундта нокаутқа жіберді
2 күн бұрын
-
Қазақстанның 10 театры ALMATY THEATRE FEST фестивалінде қойылымдарын ұсынды
2 күн бұрын
-
Ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай: ШҚО-да ветеринариялық жаңа нысан ашылды
3 күн бұрын
-
Грузия алты адамның өмірін қиған жарылыстан кейін аза тұту күнін жариялады
3 күн бұрын
-
Шымкентте пара алған ТЖБ маманы мен пара берген департамент басшысына сот үкімі шықты
3 күн бұрын
-
Қазақстанда алимент бойынша қарыз 19 млрд теңгеден асты
3 күн бұрын
-
ТМД ПАА ЖИ-ді экстремизмге қолдануға қарсы модельдік заң қабылдады
3 күн бұрын
-
Астанада ғылыми гранттың 297 миллион теңгесін жымқырғандар мен 1,7 миллион теңге пара алған сарапшы ұсталды
3 күн бұрын
-
Ғылыми жобаларға бөлінген 945 миллион теңге қолды болғаны әшкереленді
3 күн бұрын
-
Қазақстанның аграрлық экспорты 35 пайызға өсті
3 күн бұрын
-
Қосшыға дейінгі LRT үшін бұзылатын үйлердің тізімі әлі бекітілмеген
3 күн бұрын
-
Түркияның қор нарығындағы дауға байланысты 136 адам қамауға алынды
3 күн бұрын
-
АҚШ-ты дүрліктірген цифрлық дағдарыстан кейін Ақ үйде алғашқы ірі кадрлық шешім қабылданды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда энергетикалық сусындарды сатуға толық тыйым салу ұсынылды
3 күн бұрын
-
Ақтөбелік студент оқуына жинаған 10 млн теңгеге жуық ақшасын алаяқтарға аударып жіберген
3 күн бұрын
-
ҚазҰУ-дағы қаза тапқан студент қызға қатысты тергеу басталды
3 күн бұрын
-
Оңтүстік Кореяның алып әуе компаниясы Қазақстан нарығына шығады: Korean Air алғашқы рейстерді қашан ашады
3 күн бұрын
-
Ақмола облысында жүк пойызы ер адамды қағып, көз жұмды
3 күн бұрын
-
Жалақы сақталады, демалыс көбейеді: Бразилия жұмыс аптасын қысқартып, қоғамдық көлікті тегін етпек
3 күн бұрын
-
Instagram көптен күткен функцияны іске қосты: Eнді жарияланған стористі өшірмей-ақ өзгертуге болады
4 күн бұрын
-
Астана әуежайында ұшақ тұрағы 20 есе қымбаттауы мүмкін
4 күн бұрын
-
Ақмола облысындағы жол жөндеуге бөлінген қыруар қаржы неге кері қайтарылды
4 күн бұрын
-
Емхана есігін тоздыру азаяды: Қазақстанда пациенттерді қабылдау ережелері түбегейлі өзгереді
4 күн бұрын
-
Мемлекеттік қосымшадағы ақау ма, әлде сынақ па: Қырғызстан президенттігіне үміткерлер тізімінен беймәлім есім табылды
4 күн бұрын
-
Кімнің жалақысына қанша қосылады: Үкімет дәрігерлер мен әлеуметтік қызметкерлерге төленетін жаңа үстемақы мөлшерін бекітті
4 күн бұрын
-
Тарифті ескертусіз өсіріп, ақылы қызмет қосып қойса не істеу керек: Оператордан ақша өндірудің жолдары
4 күн бұрын
-
Қазақстан цифрландыру бойынша Жапония мен Германияны артта қалдырды
4 күн бұрын
-
Жас емес, тәжірибе маңызды салалар қайсы: 55 жастан асқан қазақстандықтарға қандай мамандықтар қолжетімді
4 күн бұрын
-
Халық Кеңесі кәсіподақтар ұсынған 25 бастаманы жүйелеп, іске асыру жолдарын қарастырады
4 күн бұрын