Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
Сурет авторы: Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының БАҚ бөлімі
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры қыркүйек пен қазан айына 25 көрсетілім жоспарлап, көрерменімен қайта қауышуға әзірленіп жатыр. Қара шаңырақ бұл күзді «100-маусым жалғасады» деген ұстаныммен қарсы алады. Репертуарлық кездесулермен қатар театрдың ғасырлық мерейтойына арналған ауқымды премьераның алғашқы деректері жария болмақ.
Қыркүйек айында театрлар жаңа маусымның шымылдығын түріп, алдағы жоспарларын ортаға салатын дәстүр бар. Әуезов театрындағы күзгі қауышудың биылғы ерекшелігі – 100 маусым ресми түрде жабылған жоқ. Сондықтан көрерменмен жүздесу мерейтойлық маусымның жалғасы ретінде өтеді. Ал оның ресми қорытындылануы мен келесі маусымның салтанатты ашылуы театрдың 100 жылдығына орай әзірленіп жатқан үлкен премьерамен сабақтастырылмақ.
Жүз жыл – бір сахнада тоғысқан бірнеше буынның ғұмыры. Оның ішінде өнердегі алғашқы қадамның толқынысы да, көрермен жадында қалған бейнелер де, уақытпен бірге жаңғырып отырған көркемдік ізденістер де бар. Осы белестегі әр жаңа қадам театрдың өткенін бүгінгі шығармашылық өмірімен жалғайды. Күзгі репертуардан да сол сабақтастықты аңғаруға болады. Көрерменге таныс қойылымдар жалғасын тауып, олармен қатар жаңа есімдер мен жаңа туындыға жол ашылғалы тұр.
Күздің алғашқы кездесуі 20 қыркүйекте сағат 18:30-да «Қара» драма-диалогымен бастау алады. Абайдың қара сөздері негізінде Жұлдызбек Жұманбайдың режиссерлігімен сахналанған спектакль Қ. Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық Ұйғыр музыкалық комедия театрының сахнасында көрсетіледі. Абай сөзі арқылы адамның өзіне, қоғамға, заманына үңілетін қойылыммен қайта қауышудың мәні – театр мен көрермен арасындағы рухани әрі танымдық байланысты жалғауда.
Қыркүйек афишасында адам жанының әр алуан күйін танытатын туындылар топтасқан. 21 қыркүйекте «Жүрегімде екенсің…», 24 қыркүйекте «Қоштасқым келмейді!..», 28 қыркүйекте «Махаббат пен қасірет» драмалары ұсынылады. Сол күні басқа сахнада «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясы, ал 30 қыркүйекте Сәбит Мұқановтың шығармасы негізінде қойылған «Мөлдір махаббат» спектаклі өз көрерменін күтеді. Сезім, таңдау, адам арасындағы байланыстың беріктігі мен осалдығы осы қойылымдарда әртүрлі сахналық тілмен өріледі.
Күзгі кездесулердің поэтикалық арнасын 23 қыркүйектегі «Сезім хаттары» мен 29 қыркүйектегі «Менің Фаризам…» жалғастырады. Әсіресе көрермен хаттары негізінде қойылған «Сезім хаттары» кешінің орны бөлек. Мұнда залда отырған көрерменнің хаты сахналық шығарманың бір бөлігіне айналады. Театр мен көрермен арасындағы байланыстың осындай жақындығы жүзінші маусымның жалғасуына да өзіндік мағына үстейтүседі.
Қазан айында репертуардың тақырыптық аясы кеңейеді. 5 қазанда Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» махаббат дастаны сахналанса, 6 қазанда Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» қасіретнамасы ұсынылады. Махаббат мұраты мен адамзат жауапкершілігін қозғайтын осы туындылар 19 қазандағы «Қан мен тер. Ақбала» трагедиясымен, 20 қазандағы «Бейбарыс сұлтан» драмасымен жалғасады. Бір айдың бағдарламасында ұлттық әдебиеттің әр кезеңі мен тарихи тақырыптағы шығармалардың тоғысуы театр репертуарының ауқымын танытады.
Қазан айының өзге спектакльдері де жанрлық алуандығымен ерекшеленеді. «Жүрегімнің иесі» психофизикалық драмасы, «Қыз мұңы» драмасы, «Сыған серенадасы» мюзиклі, «Бес бойдаққа бір той» музыкалық комедиясы, «Тендерге түскен келіншек» драмасы мен «Сүйікті менің періштем» комедиясы көрерменге ұсынылады. Қыркүйектегі бірқатар қойылымдар да келесі айда қайта сахналанады. Осылайша, театрға алғаш келетін адамға да, сүйікті спектаклін қайта көргісі келетін тұрақты көрерменге де таңдау бар.
Кездесулер Алматы қаласының сахналарымен шектелмейді. 30 қазанда «Жүрегімде екенсің…» спектаклі, 31 қазанда «Менің Фаризам…» синтетикалық кеші Ұзынағаш ауданының мәдениет үйінде көрсетіледі. Алматыдағы қойылымдаркөрсетілетін алаңдар қатарында Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры, М. Ю. Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры, ұйғыр және корей музыкалық комедия театрлары, Мемлекеттік қуыршақ театры мен Concordia студенттік театры бар. Әр спектакльдің өтетін орны мен уақыты айлық репертуардың афишасында көрсетілген.
Осы жаңалықтардың барлығын бір арнаға тоғыстыратын басты оқиға – ғасырлық мерейтойға дайындалып жатқан премьера. Жаңа қойылымдатеатр артистерінің барлығы дерлік қамтылмақ. Мұндай ауқым бір сахнада бірнеше буынның өнерін тоғыстырып, труппаның ортақ шығармашылық жұмысын алдыңғы қатарға шығарады. Жеке рөлдермен қатар тұтас актерлік ансамбльдің үйлесімі де бұл туындының маңызды қырына айналғалы отыр.
Премьераның тақырыбы театрдың жүз жылдық тарихымен және оның рухани болмысын қалыптастырған маңызды оқиғалармен тығыз байланысты. Шығармада өнерге адалдық, уақыт сынынан өткен сенім, адам тағдыры мен ұлт алдындағы жауапкершілік тоғысады. Ғасырлық белеске арналған бұл жұмыс қара шаңырақтың өзіне қымбат бастауларға қайта үңілуіне мүмкіндік береді. Сол бастаулардың қандай оқиға, қандай бейне арқылы ашылатыны әзірге көрерменге сақталған сыр күйінде қалсын.
«Біз үшін жүзінші маусым күнтізбедегі бір жылмен шектелетін кезең емес. Бұл – Ұлт театрының ғасырлық жолын тұтас пайымдап, өткенімізге тағзым ете отырып, келесі жүзжылдыққа бағыт алатын тарихи белес. Сондықтан 100-маусымды асығыс қорытындыламай, оның шарықтау шегін ғасырлық мерейтойға арналған жаңа премьерамен сабақтастыруды жөн көрдік.
Бұл қойылымның театр үшін орны ерекше. Бір ғасыр бойы қалыптасқан сахналық дәстүр, қарашаңырақтың рухани мұрасы мен бүгінгі буынның шығармашылық ізденісі бір туындының аясында тоғысады. Премьераға театр артистерінің барлығы дерлік қатысып, бірнеше буын өкілі бір сахнада бас қосады. Мұның өзі Ұлт театры үшін аса маңызды ұрпақтар сабақтастығын айқындай түседі.
Ғасырлық белес – өткенді еске алумен ғана шектелмейді. Бұл – бүгінгі театрымыздың көркемдік бағытын бағамдап, келешекке қандай ой, қандай рухани мұра алып баратынымызды айқындайтын кезең. Сондықтан мерейтойлық премьераны жүз жылдық тарихтың қорытынды нүктесі емес, Ұлт театрының жаңа ғасырына бастайтын шығармашылық қадам деп қабылдаймыз», – деді Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры Еркін Тілеуқұлұлы Жуасбек.
Пьеса авторлары – Мадина Омарова, Қолғанат Мұрат және Еркін Жуасбек. Қоюшы режиссері – Аридаш Оспанбаева, қоюшы суретшісі – Қуат Түстікбаев, киім суретшісі – Балауса Әбдіманапова, композиторы – Әсел Омарова, хореографы – Гүлсая Тауырханова.
Аридаш Оспанбаева 2023 жылы «Жас Алаш» газетіне берген сұхбатында «Ізденіс тоқтаған жерде өнер де тоқырайды» деген еді. Режиссердің сол кездегі өнер туралы пайымы бүгінгі мерейтойлық жұмыстың алдындағы жауапкершілікті еске салады. Ғасырлық сахнаға арналған туындының көрерменге айтар жаңа сөзі, бүгінгі уақытпен үндесер ойы болуы керек. Оның қандай көркемдік шешіммен ұсынылатыны премьерада белгілі болады.
Жүзінші маусымның аяқталуы мен келесі маусымның басталуын осы премьерамен байланыстырудың символдық мәні бар. Театр ғасырлық жолын жаңа туынды арқылы пайымдап, келесі шығармашылық кезеңге де сол еңбектің нәтижесімен қадам баспақ. Сондықтан қыркүйектегі көрерменмен қайта қауышу мен алдағы ресми салтанаттар бір мерейтойлық маусымның өзара сабақтас оқиғалары ретінде өрбиді.
Премьераның нақты күні алдағы уақытта жарияланады. Оған дейін театр дайындық барысынан жаңалықтар ұсынып, қазанға белгіленген репертуарлық кездесулерін жалғастырады. Алдағы хабарландырулар мен толық ақпаратты театрдың ресми парақшаларынан қадағалауға болады.
Соңғы жаңалықтар
-
Табысы жоқ, бірақ үйі мен бірнеше көлігі бар: салық органдары кімдерге назар аударады
1 сағат бұрын
-
Паспортты онлайн қайта рәсімдеу қашан іске қосылады: Министрлік жауабы
1 сағат бұрын
-
Қазақстанда әлеуметтік желі қолданушыларының жасын жасанды интеллект тексереді
1 сағат бұрын
-
16 миллион қазақстандықтың дерегі таралған даулы іс: Министрлік тергеудің қалай аяқталғанын білмейді
2 сағат бұрын
-
Жылыту маусымы басталды: үйіңізге жылу берілмесе, кімге хабарласу керек?
2 сағат бұрын
-
Ірі қалалардағы кептелісті азайту үшін жаңа жүйе енгізіледі
2 сағат бұрын
-
Елімізде көлік жүргізушілеріне шұғыл ескерту жасалды
3 сағат бұрын
-
Қызылордалық зейнеткер өз үйін сатып жібергенін 3,5 жылдан кейін білген
3 сағат бұрын
-
Семей жылыту маусымына дайын болмай шықты: Бектенов әкім орынбасарын жауапқа тартуды тапсырды
4 сағат бұрын
-
Астанада тұрақта тұрған бес көлік өртеніп кетті (ВИДЕО)
4 сағат бұрын
-
Өскеменде кафеге келген адамға ескерту жасаған полицей қаза тапты
4 сағат бұрын
-
Доллар бір күнде 7 теңгеден астам қымбаттады: 6 қазандағы валюта бағамы
4 сағат бұрын
-
Қар, көктайғақ және қатты жел: 6 қазанда күн райы қандай болады
7 сағат бұрын
-
Әскердегі былық: Қорғаныс министрлігін тексеру кезінде 13 қылмыстық іс қозғалды
19 сағат бұрын
-
Қорғаныс министрлігінде ауқымды аудит басталды: 48 әскери бөлім тексеріледі
20 сағат бұрын
-
Францияда оқушылардың митингі салдарынан 500-ге жуық мектепте сабақ тоқтатылды
1 күн бұрын
-
Бишімбаевтың анасы бұрынғы келінінен 14 млн теңге талап етті: сот шешімі шықты
1 күн бұрын
-
Мектепке бармаған, қоқыстан тамақ іздеген: БҚО-да 10 жасар баланың анасы ата-ана құқығынан айырылды
1 күн бұрын
-
Иркутскіде оба шықты ма: Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады
1 күн бұрын
-
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге қымбаттауы мүмкін
1 күн бұрын
-
Тоқаев Қарулы Күштер Бас штабының жаңа бастығын тағайындады
1 күн бұрын
-
Доллар қымбаттады: бүгін айырбастау орындарындағы бағам қандай
1 күн бұрын
-
Қар, нөсер және қатты жел: 5 қазанда Қазақстанда күн райы қандай болады
1 күн бұрын
-
84 медаль және үш саты жоғары: Қазақстан Азия ойындарын қалай аяқтады
2 күн бұрын
-
Астанада жасанды интеллект киносын дамытуға 2 миллион доллар бөлінді
2 күн бұрын
-
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауазымды басшыны қызметінен босатты
2 күн бұрын
-
СІМ соғыс аймағындағы қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр
3 күн бұрын
-
Алматы облысында жылына 1 млрд литр сусын өндіретін жаңа зауыт ашылды
3 күн бұрын
-
Қазақстанға 12-алтын: Тамерлан Төлеулес Азия ойындарының чемпионы атанды
3 күн бұрын
-
Қазақстанға бокстан екінші алтын: Айбек Оралбай Азия ойындарының чемпионы атанды
3 күн бұрын
-
«Жаңа кен орны ашылғанмен бірдей»: журналист Қазақстанның IT экспортындағы өсімге назар аударды
4 күн бұрын
-
12 жылдан кейін: Төрехан Сабырхан Азия ойындарының чемпионы атанды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда Украина азаматы Ресейдің сұрауымен ұсталды
4 күн бұрын
-
Тегін дәрі-дәрмек енді QR-код арқылы беріледі: Қазақстанда жаңа жүйе енгізілмек
4 күн бұрын
-
Доллар қайта қымбаттады: 2 қазандағы валюта бағамы
4 күн бұрын
-
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады: 2 қазанда күн райы қандай болады
4 күн бұрын
-
Халық Кеңесінің тұрақты комитет төрағалары мен құрамы бекітілді
4 күн бұрын
-
Ресей Калининград қоршауға алынса, ядролық қару қолдануы мүмкін екенін ескертті
4 күн бұрын
-
Алматының лас ауасы қанға дейін жетеді: тәжірибе не көрсетті
4 күн бұрын
-
Әскерге сау кетіп, арбаға таңылып оралды: сарбаздың туыстары әділдік іздейді
4 күн бұрын
-
Қазақстан, Ресей және тағы төрт ел «экстремистер» туралы дерек алмасады
5 күн бұрын
-
Жабылып қалу қаупі бар ма: жекеменшік балабақшалар жаңа талаптарға алаңдап отыр
5 күн бұрын
-
Шымкентті жағымсыз иіс жайлады: әкім оның көзін табуды тапсырды
5 күн бұрын
-
Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореядағы құрылыс нысанында қаза болды
5 күн бұрын
-
Мектеп оқушылары күзде неше күн демалады
5 күн бұрын
-
"Ұшқыш террорист болуы мүмкін": Трамп пен Нетаньяху Flydubai рейсіндегі оқиғаны талқылады
5 күн бұрын
-
Қазаннан бастап Қазақстанда не өзгереді
5 күн бұрын
-
Доллар қымбаттады: 1 қазанда айырбастау орындарында бағам қандай
5 күн бұрын
-
Жаңбыр мен қатты жел: 1 қазанда Қазақстанда күн райы қандай болады
5 күн бұрын
-
Алматыда көлік тұрақтарының бағасы өседі
5 күн бұрын