Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
Семейде жастарға заманауи цифрлық дағдыларды үйретуге бағытталған «SKILLUP» жобасының алғашқы кезеңі өтті. Үш күндік оқу барысында қатысушылар смартфонмен контент жасаудан бастап, жасанды интеллект көмегімен анимация, инфографика және цифрлық қосымша әзірлеуге дейінгі тәжірибелік дағдыларды меңгерді. Алғашқы үш сабаққа 100-ден астам жас қатысты.
Ұйымдастырушылар оқу бағдарламасын қатысушылар алған білімін бірден іс жүзінде қолданып көретіндей етіп әзірлеген. Сондықтан сабақтар теориялық түсіндірумен шектелмей, жастардың өздері фото және бейне түсіріп, материал өңдеп, жасанды интеллект құралдарын пайдаланып, цифрлық өнім жасауына басымдық берілген.
Алғашқы күн смартфонмен контент жасауға арналды. Контент өндіруші Қуаныш Омар қатысушыларға смартфон арқылы сапалы фото және бейне түсіру, кадр құру, контентті өңдеу мен бейне құрастырудың негізгі тәсілдерін көрсетті. Жастар алған білімін сол жерде тәжірибеде қолданып, өздері контент әзірледі.
Екінші күні жасанды интеллект мүмкіндіктеріне басымдық берілді. Семей қаласындағы Astana Hub филиалының басшысы, кәсіпкер Әнет Тұрсынжан жасанды интеллект арқылы анимация жасау және деректерді көрнекі түрде ұсыну бойынша тәжірибелік сабақ өткізді. Қатысушылар жаңа құралдардың көмегімен анимация әзірлеуді, ақпаратты көрнекі пішінде ұсынуды және идеяны цифрлық өнімге айналдыру жолдарын меңгерді.
Сабақ барысында дайын өнімді аудиторияға дұрыс таныстыру және оны нарыққа ұсыну жолдары да талқыланды. Осылайша, жастарға жасанды интеллект құралдарын пайдалану ғана емес, оның көмегімен жасалған өнімді әрі қарай дамыту және ұсыну тәсілдері көрсетілді.
Үшінші күні қатысушылар жасанды интеллект көмегімен өз цифрлық өнімдерін жасауға кірісті. IT саласының халықаралық сарапшысы Асхат Мұқанов жасанды интеллект арқылы мәтін және цифрлық өнім әзірлеу тақырыбында сабақ өткізді. Жастар жасанды интеллектіге тапсырманы дұрыс әрі тиімді құруды, мәтін, инфографика және басқа да цифрлық материалдар жасауды үйренді.
Бұдан бөлек, қатысушылар «vibe coding» тәсілін пайдаланып, өз мамандығы мен қызығушылығына сәйкес цифрлық қосымшалар жасап көрді. Осы арқылы олар идеяны ойластырудан бастап, оны нақты цифрлық өнімге айналдыруға дейінгі үдерісті тәжірибе жүзінде өтті.
Жобаның басты ерекшеліктерінің бірі – жастарға жаңа технологиялар туралы ақпарат берумен ғана шектелмей, оларды күнделікті жұмыста қолдануға болатын нақты құрал ретінде пайдалануды үйрету. Үш күн ішінде қатысушылар контент әзірлеп, бейне құрастырды, жасанды интеллект көмегімен анимация жасады, деректерді көрнекі түрде ұсынды және өздерінің цифрлық өнімдерін әзірледі.
«SKILLUP» үш күндік оқумен аяқталмайды. Жоба бір айға жоспарланған. Алдағы кезеңдерде жастардың цифрлық сауатын арттыруға, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға және қазіргі еңбек нарығында қажет тәжірибелік дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыстар жалғасады.
«SKILLUP» жас мамандарды оқыту және қолдау жобасы Абай облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Болашақ» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылып жатыр.
Соңғы жаңалықтар
-
«Алаңдауға негіз жоқ»: Семейде 1 қазаннан бастап жылу беріле бастады
25 минут бұрын
-
Табысы жоқ, бірақ үйі мен бірнеше көлігі бар: салық органдары кімдерге назар аударады
2 сағат бұрын
-
Паспортты онлайн қайта рәсімдеу қашан іске қосылады: Министрлік жауабы
2 сағат бұрын
-
Қазақстанда әлеуметтік желі қолданушыларының жасын жасанды интеллект тексереді
3 сағат бұрын
-
16 миллион қазақстандықтың дерегі таралған даулы іс: Министрлік тергеудің қалай аяқталғанын білмейді
3 сағат бұрын
-
Жылыту маусымы басталды: үйіңізге жылу берілмесе, кімге хабарласу керек?
3 сағат бұрын
-
Ірі қалалардағы кептелісті азайту үшін жаңа жүйе енгізіледі
3 сағат бұрын
-
Елімізде көлік жүргізушілеріне шұғыл ескерту жасалды
4 сағат бұрын
-
Қызылордалық зейнеткер өз үйін сатып жібергенін 3,5 жылдан кейін білген
4 сағат бұрын
-
Семей жылыту маусымына дайын болмай шықты: Бектенов әкім орынбасарын жауапқа тартуды тапсырды
5 сағат бұрын
-
Астанада тұрақта тұрған бес көлік өртеніп кетті (ВИДЕО)
5 сағат бұрын
-
Өскеменде кафеге келген адамға ескерту жасаған полицей қаза тапты
5 сағат бұрын
-
Доллар бір күнде 7 теңгеден астам қымбаттады: 6 қазандағы валюта бағамы
5 сағат бұрын
-
Қар, көктайғақ және қатты жел: 6 қазанда күн райы қандай болады
8 сағат бұрын
-
Әскердегі былық: Қорғаныс министрлігін тексеру кезінде 13 қылмыстық іс қозғалды
21 сағат бұрын
-
Қорғаныс министрлігінде ауқымды аудит басталды: 48 әскери бөлім тексеріледі
21 сағат бұрын
-
Францияда оқушылардың митингі салдарынан 500-ге жуық мектепте сабақ тоқтатылды
1 күн бұрын
-
Бишімбаевтың анасы бұрынғы келінінен 14 млн теңге талап етті: сот шешімі шықты
1 күн бұрын
-
Мектепке бармаған, қоқыстан тамақ іздеген: БҚО-да 10 жасар баланың анасы ата-ана құқығынан айырылды
1 күн бұрын
-
Иркутскіде оба шықты ма: Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады
1 күн бұрын
-
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге қымбаттауы мүмкін
1 күн бұрын
-
Тоқаев Қарулы Күштер Бас штабының жаңа бастығын тағайындады
1 күн бұрын
-
Доллар қымбаттады: бүгін айырбастау орындарындағы бағам қандай
1 күн бұрын
-
Қар, нөсер және қатты жел: 5 қазанда Қазақстанда күн райы қандай болады
1 күн бұрын
-
84 медаль және үш саты жоғары: Қазақстан Азия ойындарын қалай аяқтады
2 күн бұрын
-
Астанада жасанды интеллект киносын дамытуға 2 миллион доллар бөлінді
2 күн бұрын
-
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауазымды басшыны қызметінен босатты
2 күн бұрын
-
СІМ соғыс аймағындағы қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр
3 күн бұрын
-
Алматы облысында жылына 1 млрд литр сусын өндіретін жаңа зауыт ашылды
3 күн бұрын
-
Қазақстанға 12-алтын: Тамерлан Төлеулес Азия ойындарының чемпионы атанды
3 күн бұрын
-
Қазақстанға бокстан екінші алтын: Айбек Оралбай Азия ойындарының чемпионы атанды
3 күн бұрын
-
«Жаңа кен орны ашылғанмен бірдей»: журналист Қазақстанның IT экспортындағы өсімге назар аударды
4 күн бұрын
-
12 жылдан кейін: Төрехан Сабырхан Азия ойындарының чемпионы атанды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда Украина азаматы Ресейдің сұрауымен ұсталды
4 күн бұрын
-
Тегін дәрі-дәрмек енді QR-код арқылы беріледі: Қазақстанда жаңа жүйе енгізілмек
4 күн бұрын
-
Доллар қайта қымбаттады: 2 қазандағы валюта бағамы
4 күн бұрын
-
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады: 2 қазанда күн райы қандай болады
4 күн бұрын
-
Халық Кеңесінің тұрақты комитет төрағалары мен құрамы бекітілді
4 күн бұрын
-
Ресей Калининград қоршауға алынса, ядролық қару қолдануы мүмкін екенін ескертті
4 күн бұрын
-
Алматының лас ауасы қанға дейін жетеді: тәжірибе не көрсетті
4 күн бұрын
-
Әскерге сау кетіп, арбаға таңылып оралды: сарбаздың туыстары әділдік іздейді
5 күн бұрын
-
Қазақстан, Ресей және тағы төрт ел «экстремистер» туралы дерек алмасады
5 күн бұрын
-
Жабылып қалу қаупі бар ма: жекеменшік балабақшалар жаңа талаптарға алаңдап отыр
5 күн бұрын
-
Шымкентті жағымсыз иіс жайлады: әкім оның көзін табуды тапсырды
5 күн бұрын
-
Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореядағы құрылыс нысанында қаза болды
5 күн бұрын
-
Мектеп оқушылары күзде неше күн демалады
5 күн бұрын
-
"Ұшқыш террорист болуы мүмкін": Трамп пен Нетаньяху Flydubai рейсіндегі оқиғаны талқылады
5 күн бұрын
-
Қазаннан бастап Қазақстанда не өзгереді
5 күн бұрын
-
Доллар қымбаттады: 1 қазанда айырбастау орындарында бағам қандай
5 күн бұрын
-
Жаңбыр мен қатты жел: 1 қазанда Қазақстанда күн райы қандай болады
5 күн бұрын