$ 447.8 € 516.76 ₽ 5.3

Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді

Редакция
15 қыркүйек 2026, 11:53
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді Сурет авторы: Фото: Министерство науки и высшего образования РК

Елде тұрақты тұруға рұқсат (ТҰЖ) алғысы келетіндер немесе қандас мәртебесіне үміткерлер үшін мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтайтын онлайн ҚАЗТЕСТ сынағы басталды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл емтиханның күрделі еместігін және негізгі мақсаты адамның күнделікті өмірде қазақша түсінісу қабілетін тексеру екенін хабарлады.

Тестілеу толығымен онлайн форматта өтеді және екі бөлімнен тұрады: тыңдалым мен оқылым. Қатысушыларға 1 сағат 10 минут ішінде 60 тапсырманы орындау жүктеледі. Сынақ барысы прокторинг жүйесі арқылы бақыланатындықтан, үміткерлерге алдын ала камера мен микрофонның дұрыс жұмыс істеуін тексеріп алған жөн.

Айта кетерлігі, сынаққа тегін дайындалуға мүмкіндік бар. Ол үшін адаптация және интеграция орталықтарында арнайы консультациялар өтіп, жаттығу тапсырмаларын орындауға болады.

Егер алғашқы мүмкіндікте жеткілікті балл жиналмаса, үміткерге 30 күн ішінде қайтадан екі рет тапсыруға рұқсат беріледі. Ал тестілеудің нәтижесі 3 жұмыс күні ішінде дайын болады. Ресми мекеменің хабарлауынша, бұл емтихан миграциялық потенциалды бағалаудың маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады.

Соңғы жаңалықтар