$ 446.56 € 512.34 ₽ 5.3

«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды

Редакция
19 қыркүйек 2026, 15:37
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды

Астана қаласы Сарыарқа ауданында орналасқан «Көктал» саябағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде ағаш отырғызу шарасы өтті. Аталған бастамаға белсенді елордалықтар, ардагерлер кеңесінің өкілдері және мемлекеттік орган қызметкерлері атсалысты.

Шараға қатысушылар саябақ аумағын көгалдандыруға және қоғамдық кеңістікті көркейтуге айтарлықтай үлес қосты. Ағаш отырғызу жұмыстарын бірлесе жүргізу – қоршаған ортаға ұқыпты қараудың және елорданың экологиялық жағдайы үшін ортақ жауапкершілікті сезінудің айқын көрінісі болды.

«Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың өз қаласы мен айналадағы тазалыққа деген жауапкершілігін арттыру.


Осындай маңызды іс-шаралар елорданы көгалдандыруға септігін тигізіп қана қоймай, мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты нығайта түседі.

Соңғы жаңалықтар