TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
Сурет авторы: Dan Kitwood / Getty Images
TikTok жасанды интеллект көмегімен жаппай контент жариялайтын парақшаларды анықтаудың жетілдірілген жүйесін сынап жатыр. Сонымен бірге платформа Қазақстанда пайдаланушыларға ЖИ жасаған контентті ажыратуды және мұндай технологияны жауапкершілікпен пайдалануды үйрететін білім беру бастамасын іске қосады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
TikTok мәліметінше, жасанды интеллект көмегімен жаппай жасалатын контент түпнұсқа видео авторларын ығыстырып, пайдаланушылардың сеніміне әсер етуі мүмкін. Сондықтан жаңа жүйе ЖИ спамын көптеп тарататын парақшаларды анықтауға бағытталған.
Компания бұған дейін де жалған парақшалар мен спамға қарсы тетіктерді қолданған. 2026 жылдың алғашқы үш айында TikTok әлем бойынша 86 миллионнан астам жалған парақшаны жойған.
3 миллиардтан астам видео таңбаланған
TikTok-та қазір үш миллиардтан астам видео жасанды интеллект көмегімен жасалған контент ретінде белгіленген. Арнайы белгі пайдаланушыға видеоны ЖИ жасағанын немесе оның жасанды интеллект көмегімен едәуір өзгертілгенін түсінуге мүмкіндік береді.
Платформа бұл үшін бірнеше тетікті қатар қолданады. Олардың арасында авторлардың ЖИ контентін өздері белгілеуі, Content Credentials жүйесі және көзге көрінбейтін цифрлық белгілер бар.
TikTok екі жыл бұрын C2PA әзірлеген Content Credentials жүйесін енгізген алғашқы бейнеплатформа болғанын мәлімдеді. Бұл технология контенттің жасанды интеллект көмегімен жасалғанын немесе айтарлықтай өңделгенін анықтауға арналған.
Қазақстандықтарға ЖИ видеосын ажыратуды үйретеді
Жаңа бастама аясында TikTok-та жасанды интеллект туралы білім беру бөлімі ашылды. Онда пайдаланушылар ЖИ көмегімен жасалған контентті қалай тануға болатыны және мұндай материалды жариялағанда неге арнайы белгі қою керегі туралы кеңес ала алады.
Сонымен қатар TikTok пайдаланушыға ұсыныстар таспасында ЖИ жасаған контентті қаншалықты көп көргісі келетінін реттеуге мүмкіндік беретін қызметті сынап жатыр.
Компанияның мәліметінше, ЖИ сауаттылығына арналған білім беру бағдарламасы аясындағы материалдар 2025 жылғы қарашадан бері 200 миллионнан астам қаралым жинаған. TikTok бұл бағыттағы бастамаларға 4 миллион доллардан астам қаржы бөлген.
Соңғы жаңалықтар
-
Отбасы неғұрлым мұқтаж болса, мемлекет көмегі соғұрлым артады – Еңбек министрі
17 сағат бұрын
-
Қандай жәрдемақылар табысқа қарамай төленеді? Толық тізім
18 сағат бұрын
-
Еңбек министрі табысы мен мүлкін жариялап, отбасының санатын тексерді
18 сағат бұрын
-
Бала туғандағы төлем кімге беріледі: А-дан Е-ге дейінгі санаттар бойынша түсіндірме
19 сағат бұрын
-
NURORDA-ның екі оқушысы халықаралық физика олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
19 сағат бұрын
-
Ұлттық банк борышкердің шотында ең төменгі күнкөріс мөлшерін қалдыруды қолдады
19 сағат бұрын
-
200-ден астам қазақстандық жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты
20 сағат бұрын
-
Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып жаңа халықаралық бастамаға қосылды: ол не береді?
20 сағат бұрын
-
Қазақстан Газаны қалпына келтіруге үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді
20 сағат бұрын
-
Үйі мен көлігі бар отбасы да жәрдемақы ала алады – Еңбек министрлігі
23 сағат бұрын
-
Астанада 170 пәтерді заңсыз иемденбек болған: іске полицейлердің де қатысы болуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша айып тағылуда – Алматыда сот процесі басталды
1 күн бұрын
-
407 мың қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын пайдаланды: ақша қайда жұмсалды?
1 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап екі әлеуметтік төлем 8,5%-ға өсуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Navai-дың ұсталуына байланысты Ресей Қазақстанға нота жолдады
1 күн бұрын
-
Семейде нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды
1 күн бұрын
-
30 мыңнан астам қазақстандық әйел бала күтіміне берілетін жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Тоқаев Израиль Президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
1 күн бұрын
-
Reuters: Қазақстанмен байланыстырылған хакерлер Ресейдегі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған
1 күн бұрын
-
Алматылық жастар кітап оқып, ақшалай сыйлық ұта алады
1 күн бұрын
-
Еуроодақ ресейліктерге кіру тәртібін қиындатпақ: Шенген аймағында не өзгеріп жатыр?
2 күн бұрын
-
Отбасы банк қазақстандықтарға алты ай күтпей-ақ пәтер сатып алуға мүмкіндік берді
2 күн бұрын
-
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін өсті
2 күн бұрын
-
Зумерлердің жаңа құпиясы: Кэшбэктер мен банк бонустары қымбатшылықты қалай жеңіп жатыр
2 күн бұрын
-
БҰҰ Қазақстанды тұрмыстағы зорлық-зомбылықты жеке қылмыс ретінде тануға шақырды
2 күн бұрын
-
Футбол тарихындағы ең ірі инвестиция: Қазақстан ФИФА-дан қанша миллиард тенге алады?
2 күн бұрын
-
Рэпер Navai Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды
2 күн бұрын
-
ШҚО-да үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты
2 күн бұрын
-
Astana Media Week 2026 аясында медиа саласындағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды
2 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді
2 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың деректері шетелде өңделе ме: Yandex-тегі ақаудан кейін депутаттар тексеріс талап етті
2 күн бұрын
-
Қошанов: Реформалар елді бүгін өзгертсе, құндылықтар оның елу жылдан кейін қандай болатынын айқындайды
2 күн бұрын
-
Табыс қана емес: Қазақстанда жәрдемақы алатындардың шығыны да тексеріледі
2 күн бұрын
-
Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма? Жұманғарин жауап берді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда 529 мың адам жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
2 күн бұрын
-
РФММ-дегі балалардың жаппай улануы: асханадан заң бұзушылықтар табылды
2 күн бұрын
-
Үкімет жәрдемақыны қысқартып, қанша қаржы үнемдемек
2 күн бұрын
-
Маман тапшылығы шектен шықты: Елдегі ең дефицит дәрігер мамандықтары анықталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жол салу жүйесі түбегейлі өзгермек
3 күн бұрын
-
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті: РФММ жұмысы уақытша тоқтатылды
3 күн бұрын
-
Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқан inDrive жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
3 күн бұрын
-
Ипотека алу жеңілдей ме: Үкімет алғашқы жарнаны азайтуды тапсырды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді
3 күн бұрын
-
17 жылға бас бостандығынан айырылды : Астанада Telegram арқылы есірткі сатқандар сотталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың нақты табысы қаншалықты өсті?
3 күн бұрын
-
Астанада бір кеште 50 отбасы баспаналы болды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі тағы да көтерілді
3 күн бұрын
-
Қазақстан АЭС салуға қаншалықты дайын: МАГАТЭ миссиясы Астанаға келді
3 күн бұрын
-
Каспий жағалауынан тағы 15 итбалықтың өлексесі табылды
3 күн бұрын