$ 447.8 € 516.76 ₽ 5.3

«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады

Редакция
15 қыркүйек 2026, 11:31
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады Сурет авторы: Скриншот из видео CBS

US Open турниріндегі жарқын жеңісінен кейін әлемнің бірінші ракеткасы атанған Елена Рыбакина спорттағы басты мақсаттарының бірін жария етті. АҚШ-тың беделді CBS арнасына берген сұхбатында ол жақын жылдары бұрын-соңды болмаған жетістікке жетуді көздейтінін ашық айтты.

Журналистің карьералық «Үлкен шлем» мен әлі бағынбай тұрған «Ролан Гаррос» турнирі туралы сұрағына жауап берген отандық теннисші бұл белес өзі үшін өте маңызды екенін жеткізді. Оның сөзінше, төрт түрлі кортта өтетін барлық ірі турнирде топ жару - санаулы спортшыға ғана бұйырған сирек мәртебе.

«Бұл - менің келесі басты нысанам. Командаммен бірге алдағы екі жылда бұл арманға жету үшін бар күшімізді саламыз», - деді Елена Рыбакина.

Сондай-ақ, спортшы өзінің әрбір жеңісі Қазақстан үшін үлкен мақтаныш екенін атап өтіп, жанкүйерлеріне ыстық ықыласы үшін алғыс айтты.

Еске сала кетейік, Нью-Йорктегі финалда Арина Соболенконы тізе бүктіріп, «Үлкен шлем» сериясындағы үшінші титулын жеңіп алған Рыбакина WTA рейтингінде ресми түрде көш бастады. Теннис тарихында осы уақытқа дейін жекелей сында карьералық «Үлкен шлемге» тек 19 спортшы (9 ер, 10 әйел) қол жеткізген.

Соңғы жаңалықтар