$ 450.91 € 522.69 ₽ 5.33

Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті

Абдрахманов Мағжан
14 қыркүйек 2026, 14:33
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті Сурет авторы: Атырау облысының әкімдігі

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкін өз еркімен қызметінен кетті. Ол қаланы 2023 жылғы шілдеден бері басқарған. Жаңа әкімнің кім болатыны әзірге хабарланған жоқ.

Кейкіннің қызметтен кетуі Атырау қаласының басшылығына қатысты бірнеше даулы оқиға қоғам назарында тұрған тұста болды. Соңғы айларда қала тұрғындары ауа сапасына жиі шағымданған.

Бұған қоса, биыл жазда Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасов пен әкім міндетін атқарушы Тілек Махуовтың ұсталғаны белгілі болды. Бұл істер бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Сонымен бірге Шәкір Кейкіннің өзі аталған істер бойынша күдікті ретінде танылғаны туралы ақпарат жоқ.

Соңғы жаңалықтар