Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
Сурет авторы: ЖИ министрлігі
Қазақстан жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықта АҚШ пен Қытайдың бірін таңдауды көздеп отырған жоқ. Ел екі тараппен де жұмыс істеуге дайын. Бұл туралы Үкімет брифингінде QRNews тілшісінің сұрағына жауап берген Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ғиззат Байтұрсынов айтты.
Қазақстан бұған дейін АҚШ бастамашы болған Pax Silica және Қытайдың WAICO ұйымына қосылған. Осы тұста АҚШ тарапы алдағы уақытта Қазақстанға екі бағыттың бірін таңдауды ұсынуы немесе осындай талап қоюы мүмкін деген ақпарат тараған еді. QRNews тілшісі вице-министрден мұндай жағдай туындаса, Қазақстанның қай тарапты таңдайтынын сұрады.
«Сіздің сұрағыңызға келетін болсақ, бір елді таңдау деген мақсат жоқ. Барлық елдермен жұмыс істеуге дайынбыз», – деді Ғиззат Байтұрсынов.
Вице-министр АҚШ пен Қытайды жасанды интеллект саласында әлемдегі ең дамыған мемлекеттердің қатарына жатқызды. Оның айтуынша, бұл саланың дамуы үшін адами капитал, деректер және қуатты есептеу инфрақұрылымы маңызды.
«Бұл екі мемлекетті осы бағытта ең дамыған мемлекеттер деп айтсақ болады. Жасанды интеллект үш заттан тұрады: адами ресурстар, деректер, суперкомпьютерлер, яғни деректерді өңдеу орталықтары. Осы үш бағыт бойынша екі ел де өте мықты дамыған», – деді ол.
Байтұрсынов АҚШ-та NVIDIA, Қытайда Huawei технологиялары дамығанын атап өтті. Оның сөзінше, екі мемлекет те деректерді өңдеу орталықтарын, суперкомпьютерлерді, адами капиталды және үлкен тілдік үлгілерді дамытуға басымдық беріп отыр.
Осылайша, Қазақстан әзірге жасанды интеллект саласындағы әріптестікті бір мемлекетпен шектемей, АҚШ-пен де, Қытаймен де ынтымақтастықты жалғастыру ұстанымын білдірді.
Соңғы жаңалықтар
-
Тоқаев отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жаңа құрамын бекітті
10 сағат бұрын
-
GTA 6 құпиясын әшкерелеген хакер жеті жылға сотталып, сот залынан бірден босатылды
10 сағат бұрын
-
Мемлекет игілігі үшін жұмыс істеуге дайын еместер кетуі керек: Бектенов Нағаспаевқа ҚТЖ-дағы кадрларды тазалауды тапсырды
12 сағат бұрын
-
Шетелден әкелінген iPhone-дар неге сұр аймақта қалып қойды: Министрлік өкілі жауап берді
12 сағат бұрын
-
Грузияда суррогат ана қызметіне толық тыйым салуды қарастырып жатыр
14 сағат бұрын
-
Қарағанды циркінде акробат биіктіктен құлап, жарақат алды
15 сағат бұрын
-
Иранда хиджабсыз ән айтқан Парасту Ахмади жазаланды
15 сағат бұрын
-
Ерсайын Нағаспаев «ҚТЖ» компаниясын басқарды
15 сағат бұрын
-
Президент Ерсайын Нағаспаевты құрылыс министрі қызметінен босатты
16 сағат бұрын
-
Қазақстанда бастапқы жарнасы 10 пайыздық жаңа ипотека іске қосылуы мүмкін
16 сағат бұрын
-
Жаслан Мәдиев еліміздегі мобильді интернеттің орташа құнын атады
16 сағат бұрын
-
2027 жылы Қазақстанда ең жоғары декреттік төлем мөлшері 29 пайызға өседі
17 сағат бұрын
-
Мектеп бағдарламасына бокс пен дзюдо енгізіле ме? Қазақстан Халық Кеңесінде маңызды бастамалар көтерілді
17 сағат бұрын
-
Қазақстанда бедеулікті емдеу мен ЭКО жасату тәртібі түбегейлі өзгерді
18 сағат бұрын
-
АҚШ-та 1000-нан астам әуе рейсі тоқтап қалды
18 сағат бұрын
-
Қазақстанда шетелге шығу құжатын рәсімдеу ережесі өзгерді
1 күн бұрын
-
Тәуелсіздіктің 35 жылдығы қарсаңында: ШҚО-да ауыл шаруашылығы қауіпсіздігін күшейтетін қандай жоба жүзеге асты
1 күн бұрын
-
Экологияға жанашырлық: ғалымдар Almaty SuperSki жобасының экологияға зиянсыз екенін растады
1 күн бұрын
-
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекеті 2027 жылдың соңына дейін көліктер үшін жабылады
1 күн бұрын
-
Елде шошқа тұмауының 295 дерегі тіркелді: Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі ахуалды түсіндірді
1 күн бұрын
-
Қазақстандағы алғашқы UFC турнирі қай қалада және қашан өтеді
1 күн бұрын
-
Президент Қазақстанның стратегиялық дамуын жоспарлайтын жаңа сарапшылар тобын бекітті
1 күн бұрын
-
Алматыда жаңа жыл түнінде отшашу атқандарға 130 мың теңгеге дейін айыппұл салынады
1 күн бұрын
-
Ақтөбе облысында мектеп бухгалтерлері директордың ЭЦҚ кілті арқылы 82 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған
1 күн бұрын
-
Оңтүстік Кореяның Білім министрі емтихандағы жасанды интеллект дауынан кейін қызметінен кетті
1 күн бұрын
-
Қазақстандағы алғашқы UFC турнирі өтуі мүмкін екі ірі спорт аренасы аталды
1 күн бұрын
-
Қазақстанда мемлекеттік органдардың формалды жауаптарына қатысты шағымдар көбейді
1 күн бұрын
-
23–27 қараша аралығында Алматының бірқатар ауданында жарық болмайды
1 күн бұрын
-
Еуропада қымбатшылық пен баспана бағасының өсуіне қарсы жаппай ереуілдер басталды
1 күн бұрын
-
Словакияда төрт қазақстандық студент полиция болып көрініп, ақша бопсалады деген күдікке ілінді
2 күн бұрын
-
Жапонияда жанартау атқылады
2 күн бұрын
-
Асу Алмабаев Хоригутиге есе жіберді
3 күн бұрын
-
Дияр Нұрғожай америкалық файтерді 2-раундта нокаутқа жіберді
3 күн бұрын
-
Қазақстанның 10 театры ALMATY THEATRE FEST фестивалінде қойылымдарын ұсынды
3 күн бұрын
-
Ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай: ШҚО-да ветеринариялық жаңа нысан ашылды
4 күн бұрын
-
Грузия алты адамның өмірін қиған жарылыстан кейін аза тұту күнін жариялады
4 күн бұрын
-
Шымкентте пара алған ТЖБ маманы мен пара берген департамент басшысына сот үкімі шықты
4 күн бұрын
-
Қазақстанда алимент бойынша қарыз 19 млрд теңгеден асты
4 күн бұрын
-
ТМД ПАА ЖИ-ді экстремизмге қолдануға қарсы модельдік заң қабылдады
4 күн бұрын
-
Астанада ғылыми гранттың 297 миллион теңгесін жымқырғандар мен 1,7 миллион теңге пара алған сарапшы ұсталды
4 күн бұрын
-
Ғылыми жобаларға бөлінген 945 миллион теңге қолды болғаны әшкереленді
4 күн бұрын
-
Қазақстанның аграрлық экспорты 35 пайызға өсті
4 күн бұрын
-
Қосшыға дейінгі LRT үшін бұзылатын үйлердің тізімі әлі бекітілмеген
4 күн бұрын
-
Түркияның қор нарығындағы дауға байланысты 136 адам қамауға алынды
4 күн бұрын
-
АҚШ-ты дүрліктірген цифрлық дағдарыстан кейін Ақ үйде алғашқы ірі кадрлық шешім қабылданды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда энергетикалық сусындарды сатуға толық тыйым салу ұсынылды
4 күн бұрын
-
Ақтөбелік студент оқуына жинаған 10 млн теңгеге жуық ақшасын алаяқтарға аударып жіберген
4 күн бұрын
-
ҚазҰУ-дағы қаза тапқан студент қызға қатысты тергеу басталды
4 күн бұрын
-
Оңтүстік Кореяның алып әуе компаниясы Қазақстан нарығына шығады: Korean Air алғашқы рейстерді қашан ашады
4 күн бұрын
-
Ақмола облысында жүк пойызы ер адамды қағып, көз жұмды
4 күн бұрын