$ 447.8 € 516.76 ₽ 5.3

УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді

Абдрахманов Мағжан
15 қыркүйек 2026, 15:29
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді Сурет авторы: kff.kz

Астана 2028 жылғы УЕФА Суперкубогын қабылдайды. УЕФА Атқарушы комитеті Қазақстан астанасын матч өтетін қала ретінде бекітті.

Еуропаның екі ірі клубтық додасының – УЕФА Чемпиондар лигасы мен УЕФА Еуропа лигасының жеңімпаздары кездесетін матч «Астана Арена» стадионында өтеді.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, Астананың таңдалуына елдегі спорт инфрақұрылымын дамыту және УЕФА-мен ынтымақтастықты нығайту бағытындағы жұмыс негіз болған.

«Астана Арена» стадионын қайта жаңғырту және оның инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары нысанды УЕФА-ның ірі еуропалық матчтарды өткізу талаптарына сәйкестендіруге бағытталған.

УЕФА Суперкубогы жыл сайын Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпаздары арасында өтеді. Осылайша, 2028 жылы Еуропаның сол маусымдағы екі үздік клубы Астанада кездеседі.

Қазақстан үшін бұл – осындай деңгейдегі еуропалық клубтық матчты қабылдайтын тарихи оқиға.

Соңғы жаңалықтар