$ 444.58 € 510.29 ₽ 5.27

Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова

Абдрахманов Мағжан
18 қыркүйек 2026, 17:43
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова Сурет авторы: Мария Захарова / Telegram

Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Қазақстанды «орта мемлекет» деп атауға келіспейтінін айтты. Ол бұл пікірін Екатеринбургте өткен Халықаралық жастар фестивалінде Қазақстанның әлемдік саясаттағы орны талқыланған жиында білдірді.

Жиында Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев әлемдік саясаттағы «орта державалардың» рөлі туралы сөз қозғаған. Оның айтуынша, қазіргі халықаралық жағдайда Қазақстан үшін ішкі тұрақтылық, елдер мен құрлықтарды байланыстыру және серіктестердің сеніміне ие болу маңызды.

Захарова бұған жауап ретінде Қазақстанды «орта мемлекет» қатарына қоспайтынын айтты.

«Қазақстанды орта мемлекет деуге тілім бармайды. Ауқымдарыңызға, тарихтарыңызға, даму қарқындарыңызға қараңыздар», – деді ол.

Ресей СІМ өкілінің пікірінше, Қазақстан Еуразия мен әлемнің дамуына елеулі үлес қосқан ірі мемлекет. Ол Қазақстанның өркениетаралық және конфессияаралық үнқатысуды дамытудағы рөлін де атап өтті.

«Сіздер ешқандай орта мемлекет емессіздер. Қуатты әрі болашағы зор мемлекетсіздер», – деді Захарова.

Соңғы жаңалықтар