Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
Сурет авторы: Ақорда
Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы қарым-қатынастың жан-жақты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілуі атом энергетикасы саласындағы байланысты тереңдетуге жол ашуы мүмкін. Қазақстандық қоғамдық даму институтының Институционалдық талдау және реформалар орталығының директоры Риззат Тасым екі ел арасындағы жаңа келісімдердің маңызына тоқталды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сеулге мемлекеттік сапары кезінде екі елдің сыртқы істер министрлері қазақ-корей қарым-қатынасын болашаққа бағдарланған жан-жақты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеру туралы ноталар алмасты. Сапар аясында жалпы құны шамамен 19 млрд доллар болатын 80-ге жуық коммерциялық келісім жасалды.
Риззат Тасымның пікірінше, қол қойылған құжаттардың ішінде атом энергетикасына қатысты екі келісімнің орны ерекше.
Бір құжат Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен Кореяның Сауда, өнеркәсіп және ресурстар министрлігі арасында жасалса, екіншісіне Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен Кореяның Климат, энергетика және қоршаған орта министрлігі қол қойған. Екеуі де атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Сарапшы Корея тарапынан екі бірдей салалық ведомствоның қатысуы атом энергетикасының тек өндіріс пен технология тұрғысынан емес, экология, климат саясаты және энергетикалық қауіпсіздікпен байланысты қарастырылып отырғанын көрсетеді деп есептейді.
Оның айтуынша, Қазақстан мен Кореяның бұл саладағы мүмкіндіктері бірін-бірі толықтыра алады. Қазақстан әлемдегі ірі уран өндірушілердің бірі болса, Корея атом электр стансаларын жобалау, салу және пайдалану, қауіпсіздік жүйелерін енгізу мен мамандар даярлау бағытында тәжірибе жинақтаған.
Бұған дейін де екі ел атом саласындағы байланысты дамытуға уағдаласқан. 2024 жылғы бірлескен мәлімдемеде тараптар қазақстандық уранды Кореяға жеткізуді жалғастыру және оның көлемін арттыру мүмкіндігін қарастыруға келіскен еді.
Риззат Тасымның пайымынша, алдағы уақытта ынтымақтастық ядролық отын айналымы, ғылыми зерттеулер, жабдық өндірісі, цифрлық басқару жүйелері, радиациялық қауіпсіздік және мамандар даярлау бағыттарын қамтуы мүмкін.
Сарапшы Қазақстан үшін мұндай серіктестіктің нәтижесі тек тартылған инвестиция көлемімен өлшенбеуі керек деп санайды. Оның пікірінше, елде технологияның, инженерлік білімнің, өндірістік базаның және білікті мамандардың қалыптасуы маңызды.
«Басты мақсат – толыққанды атом өнеркәсібінің ғылыми, инженерлік және өндірістік экожүйесін қалыптастыру. Қазақстанның атом технологияларын толық меңгерген мемлекетке өтуіне ықпал ету – қазақ-корей жан-жақты стратегиялық серіктестігінің ең нақты әрі маңызды нәтижелерінің бірі болмақ», – деп жазды Риззат Тасым.
Соңғы жаңалықтар
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
19 сағат бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
20 сағат бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
1 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
1 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
1 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
1 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
1 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
1 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
1 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
1 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
1 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
1 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
2 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
2 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
2 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
2 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
2 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
2 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
2 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
2 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
2 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
2 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
2 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
2 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
2 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
2 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
2 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
2 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
3 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
3 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
3 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
3 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
3 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
3 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
3 күн бұрын
-
Трамп Зеленскийден Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққы жасауды тоқтатуды талап етті
3 күн бұрын
-
Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды
3 күн бұрын
-
Тоқаев мемлекеттік сапармен Оңтүстік Кореяға барды
3 күн бұрын
-
ALGA! фестивалі Балқашта 500-ден астам оқушыны біріктірді
3 күн бұрын
-
Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін ағзасын донорлыққа беруге келісім берді
4 күн бұрын
-
Трамп Тоқаевты Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады
4 күн бұрын
-
Елена Рыбакина US Open чемпионы атанды
4 күн бұрын
-
Алматыда тағы бір сауда орталығында кітап беру пункті ашылды
5 күн бұрын
-
Санжар Боқаевтың ісі сотқа түсті
5 күн бұрын
-
Дәрігерлер Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен азаматтың жағдайын айтты
5 күн бұрын
-
Күршімде қыс алды даярлық басталып, жылу инфрақұрылымы жаңғыртылуда
5 күн бұрын
-
Әлемді өзгерткен 11 қыркүйек: АҚШ-тағы терактіге 25 жыл
5 күн бұрын
-
Иран, OPEC+ және Қашаған: Қазақстан мұнайына үш жақтан қысым күшейді
5 күн бұрын
-
Binance Қазақстанда банк ашпақ
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллектің адамзатты жойып жіберу қаупі 10 пайыздан асты – сарапшылар
5 күн бұрын