$ 447.14 € 500.35 ₽ 5.24

Адам миын жарықпен басқару: Медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Редакция
07 қазан 2026, 10:54
Адам миын жарықпен басқару: Медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды Сурет авторы: Hidenori Nagai/AP//Soeren Stache/dpa//Christian Wiese/Uni Würzburg/dpa/picture alliance

Стокгольмде Нобель апталығы басталды. Медицина және физиология саласы бойынша 2026 жылғы Нобель сыйлығы жарықпен басқарылатын иондық арналар мен оптогенетика саласындағы төңкеріс жасаған ғалымдарға бұйырды. Беделді марапатты америкалық Карл Дейссерот пен германиялық ғалымдар Петер Хегеман және Георг Нагель өзара бөлісті.

Каролин институты Нобель ассамблеясының хабарлауынша, Петер Хегеман мен Георг Нагель біржасушалы балдырлардан жарыққа сезімтал ерекше ақуыз - каналородопсинді тапқан. Ал Карл Дейссерот бұл ақуызды жүйке жасушаларының белсенділігін жарық арқылы басқаратын ерекше «қосқышқа» айналдырды.

Бұл жаңалық нейроғылымда мүлде жаңа дәуірдің басталуына жол ашты. Оптогенетика әдісі тірі мидағы жүйке жасушаларының естеліктерді, сезімдер мен адам мінез-құлқын қалай қалыптастыратынын іс жүзінде көруге мүмкіндік береді.

Жеңімпаздардың бірі Карл Дейссерот Стэнфорд университетінде зерттеу жүргізсе, Петер Хегеман Берлиндегі Гумбольдт университетінде, ал Георг Нагель Вюрцбург университетінде еңбек етеді.

Медицина саласындағы марапат Нобель апталығының шымылдығын ашты. Кестеге сәйкес, 6 қазанда - физика, 7 қазанда - химия, 8 қазанда - әдебиет бойынша лауреаттар белгілі болады. Ал 9 қазанда Ослода Бейбітшілік сыйлығының иегері, 12 қазанда экономика саласының үздігі жарияланады.

Соңғы жаңалықтар