Қазақстан неге дәл Сербиямен әскери ынтымақтастықты күшейтіп жатыр?
Сурет авторы: Qrnews/ ЖИ иллюстрациясы
Қазақстан мен Сербия бір-біріне қару-жарақ пен әскери техника жеткізе алады. Құрылтай екі ел арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді мақұлдады. Құжат әскери өнім жеткізумен ғана шектелмейді: тараптар әскери-техникалық салада қызмет көрсетіп, ақпарат және құжаттама алмаса алады.
Неге Қазақстан бұл бағытта дәл Сербиямен ынтымақтастықты күшейтіп жатыр?
Сербияның өз қорғаныс өнеркәсібі бар
Сербия – бұрынғы Югославиядан қалған қорғаныс өнеркәсібін сақтап қалған елдердің бірі. Елде қару-жарақ пен әскери техниканы әзірлейтін және өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді.
Сербия кәсіпорындары артиллериялық жүйелер, броньды машиналар, зымыран жүйелері, оқ-дәрі және басқа да әскери өнім шығарады. Елдің қорғаныс өнімдерін сыртқы нарыққа шығаруда мемлекеттік Yugoimport-SDPR компаниясы маңызды рөл атқарады.
Оның өнімдерінің арасында Nora өздігінен жүретін артиллериялық жүйесі, Lazar және Miloš броньды машиналары, Tamnava дүркіндете ататын зымыран жүйесі секілді техника бар.
Алайда Қазақстанның дәл осы қару-жарақты сатып алатыны туралы ресми ақпарат жоқ. Ратификацияланған келісім нақты бір қару түрін сатып алу туралы шарт емес, екі елдің әскери-техникалық ынтымақтастығына құқықтық негіз жасайтын құжат.
Қазақстан Сербияның әскери өндірісіне бұған дейін де қызығушылық танытқан
Екі елдің қорғаныс саласындағы жақындасуы биыл басталған жоқ.
2024 жылғы маусымда Сербияның сол кездегі қорғаныс министрі Братислав Гашич Қазақстанға келді. Сапар кезінде ол Қазақстанның Қорғаныс министрлігімен ғана емес, өнеркәсіп саласына жауапты ведомство өкілдерімен де кездесіп, екі елдің қорғаныс өнеркәсібі арасындағы байланысты дамыту мәселесін талқылады.
Сол жылдың қарашасында Қазақстанның сол кездегі қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Сербияға барды. Қазақстан делегациясы Сербиядағы әскери мақсаттағы өнім шығаратын Prva Petoletka кәсіпорнының өндірісімен танысты.
Бұдан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сербияға мемлекеттік сапармен барды. Сапар кезінде қорғаныс саласындағы ынтымақтастық екі ел президенттері деңгейінде талқыланды.
Сербияның сол кездегі президенті Александр Вучичтің мәліметінше, елдің Yugoimport-SDPR мемлекеттік компаниясының өкілдері қазақстандық әріптестерімен келіссөз жүргізген. Тоқаев та қорғаныс өнеркәсібін Қазақстан мен Сербия ынтымақтастығының маңызды бағыттарының бірі деп атады.
Әңгіме тек қару сатып алу туралы емес
Қазақстан мен Сербия арасындағы байланыс қару-жарақ саудасынан кеңірек.
2024 жылы екі ел 2025 жылға арналған екіжақты әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды. Тараптар әскери-экономикалық байланыспен бірге әскери білім, әскери медицина және екі армия арасындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігін талқылады.
Сондықтан қазіргі келісімді Қазақстанның Сербиядан белгілі бір қару-жарақ сатып алуы туралы шешім деп қабылдамаған жөн. Ол болашақта әскери техника жеткізуге, қызмет көрсетуге және қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының өзара жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін негіз қалыптастырады.
Қазақстанға мұның қандай пайдасы болуы мүмкін?
Құрылтай келісімді ратификациялау Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамытуға қолайлы жағдай жасайтынын мәлімдеді.
Сербиямен байланыс Қазақстанға әскери техника мен технология саласындағы әріптестер қатарын кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге тараптар әскери мақсаттағы өнім ғана емес, осы саладағы қызмет, ақпарат, құжаттама және зияткерлік қызмет нәтижелерімен де алмаса алады.
Алайда келісімнен кейін Қазақстанның Сербиядан нақты қандай техника сатып алатыны немесе қандай бірлескен жобалар басталатыны әзірге жарияланған жоқ.
Соңғы жаңалықтар
-
Қазақстанда шетелге шығу құжатын рәсімдеу ережесі өзгерді
15 сағат бұрын
-
Тәуелсіздіктің 35 жылдығы қарсаңында: ШҚО-да ауыл шаруашылығы қауіпсіздігін күшейтетін қандай жоба жүзеге асты
15 сағат бұрын
-
Экологияға жанашырлық: ғалымдар Almaty SuperSki жобасының экологияға зиянсыз екенін растады
15 сағат бұрын
-
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекеті 2027 жылдың соңына дейін көліктер үшін жабылады
16 сағат бұрын
-
Елде шошқа тұмауының 295 дерегі тіркелді: Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі ахуалды түсіндірді
17 сағат бұрын
-
Қазақстандағы алғашқы UFC турнирі қай қалада және қашан өтеді
17 сағат бұрын
-
Президент Қазақстанның стратегиялық дамуын жоспарлайтын жаңа сарапшылар тобын бекітті
19 сағат бұрын
-
Алматыда жаңа жыл түнінде отшашу атқандарға 130 мың теңгеге дейін айыппұл салынады
20 сағат бұрын
-
Ақтөбе облысында мектеп бухгалтерлері директордың ЭЦҚ кілті арқылы 82 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған
21 сағат бұрын
-
Оңтүстік Кореяның Білім министрі емтихандағы жасанды интеллект дауынан кейін қызметінен кетті
21 сағат бұрын
-
Қазақстандағы алғашқы UFC турнирі өтуі мүмкін екі ірі спорт аренасы аталды
21 сағат бұрын
-
Қазақстанда мемлекеттік органдардың формалды жауаптарына қатысты шағымдар көбейді
21 сағат бұрын
-
23–27 қараша аралығында Алматының бірқатар ауданында жарық болмайды
22 сағат бұрын
-
Еуропада қымбатшылық пен баспана бағасының өсуіне қарсы жаппай ереуілдер басталды
22 сағат бұрын
-
Словакияда төрт қазақстандық студент полиция болып көрініп, ақша бопсалады деген күдікке ілінді
1 күн бұрын
-
Жапонияда жанартау атқылады
1 күн бұрын
-
Асу Алмабаев Хоригутиге есе жіберді
2 күн бұрын
-
Дияр Нұрғожай америкалық файтерді 2-раундта нокаутқа жіберді
2 күн бұрын
-
Қазақстанның 10 театры ALMATY THEATRE FEST фестивалінде қойылымдарын ұсынды
2 күн бұрын
-
Ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай: ШҚО-да ветеринариялық жаңа нысан ашылды
3 күн бұрын
-
Грузия алты адамның өмірін қиған жарылыстан кейін аза тұту күнін жариялады
3 күн бұрын
-
Шымкентте пара алған ТЖБ маманы мен пара берген департамент басшысына сот үкімі шықты
3 күн бұрын
-
Қазақстанда алимент бойынша қарыз 19 млрд теңгеден асты
3 күн бұрын
-
ТМД ПАА ЖИ-ді экстремизмге қолдануға қарсы модельдік заң қабылдады
3 күн бұрын
-
Астанада ғылыми гранттың 297 миллион теңгесін жымқырғандар мен 1,7 миллион теңге пара алған сарапшы ұсталды
3 күн бұрын
-
Ғылыми жобаларға бөлінген 945 миллион теңге қолды болғаны әшкереленді
3 күн бұрын
-
Қазақстанның аграрлық экспорты 35 пайызға өсті
3 күн бұрын
-
Қосшыға дейінгі LRT үшін бұзылатын үйлердің тізімі әлі бекітілмеген
3 күн бұрын
-
Түркияның қор нарығындағы дауға байланысты 136 адам қамауға алынды
3 күн бұрын
-
АҚШ-ты дүрліктірген цифрлық дағдарыстан кейін Ақ үйде алғашқы ірі кадрлық шешім қабылданды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда энергетикалық сусындарды сатуға толық тыйым салу ұсынылды
3 күн бұрын
-
Ақтөбелік студент оқуына жинаған 10 млн теңгеге жуық ақшасын алаяқтарға аударып жіберген
3 күн бұрын
-
ҚазҰУ-дағы қаза тапқан студент қызға қатысты тергеу басталды
3 күн бұрын
-
Оңтүстік Кореяның алып әуе компаниясы Қазақстан нарығына шығады: Korean Air алғашқы рейстерді қашан ашады
3 күн бұрын
-
Ақмола облысында жүк пойызы ер адамды қағып, көз жұмды
3 күн бұрын
-
Жалақы сақталады, демалыс көбейеді: Бразилия жұмыс аптасын қысқартып, қоғамдық көлікті тегін етпек
3 күн бұрын
-
Instagram көптен күткен функцияны іске қосты: Eнді жарияланған стористі өшірмей-ақ өзгертуге болады
3 күн бұрын
-
Астана әуежайында ұшақ тұрағы 20 есе қымбаттауы мүмкін
3 күн бұрын
-
Ақмола облысындағы жол жөндеуге бөлінген қыруар қаржы неге кері қайтарылды
3 күн бұрын
-
Емхана есігін тоздыру азаяды: Қазақстанда пациенттерді қабылдау ережелері түбегейлі өзгереді
3 күн бұрын
-
Мемлекеттік қосымшадағы ақау ма, әлде сынақ па: Қырғызстан президенттігіне үміткерлер тізімінен беймәлім есім табылды
3 күн бұрын
-
Кімнің жалақысына қанша қосылады: Үкімет дәрігерлер мен әлеуметтік қызметкерлерге төленетін жаңа үстемақы мөлшерін бекітті
3 күн бұрын
-
Тарифті ескертусіз өсіріп, ақылы қызмет қосып қойса не істеу керек: Оператордан ақша өндірудің жолдары
3 күн бұрын
-
Қазақстан цифрландыру бойынша Жапония мен Германияны артта қалдырды
3 күн бұрын
-
Жас емес, тәжірибе маңызды салалар қайсы: 55 жастан асқан қазақстандықтарға қандай мамандықтар қолжетімді
3 күн бұрын
-
Халық Кеңесі кәсіподақтар ұсынған 25 бастаманы жүйелеп, іске асыру жолдарын қарастырады
4 күн бұрын
-
ІІМ комитетінің бұрынғы басшысына жыныстық сипаттағы әрекетке мәжбүрлегені үшін айыппұл салынды
4 күн бұрын
-
25 миллион долларлық жемқорлық дауы: Моңғолия президенті қызметінен кетті
4 күн бұрын
-
«Бағдарлама сатып алумен іс бітпейді»: Тоқаев жасанды интеллектіні білім мен ғылымға терең енгізуді тапсырды
4 күн бұрын
-
Көрсеткіш 62 пайызға өскен: Елімізде қандай қатерлі ісік түрлері жиі анықталып жатыр
4 күн бұрын