$ 447.14 € 500.35 ₽ 5.24

Астанада 15 ЖОО студенттері бағын сынаған театрландырылған байқау өтті

Редакция
07 қазан 2026, 15:35
Астанада 15 ЖОО студенттері бағын сынаған театрландырылған байқау өтті

6 қазанда Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен елордалық жастар арасында «Студенттік қалқан» жобасы өтті. Бұл ауқымды әлеуметтік-мәдени бастамаға Астананың 15-ке жуық жоғары оқу орнының студенттері қатысып, өздері әзірлеген театрландырылған қойылымдарды көрерменге ұсынды.

Шараның ашылуында Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев жобаның негізгі мақсаты жастарды жат ағымдардың ықпалынан қорғау, дәстүрлі адами құндылықтарды дәріптеу және «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау екенін атап өтті.

«Студенттік қалқан» – тек құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған жоба емес, бұл жастардың шығармашылығы мен бірлігін шыңдайтын ерекше алаң. Байқау барысында студенттер сахналық шеберліктері арқылы жат ағымдардың зардабын, ұлттық тәрбие мен дәстүрлі құндылықтардың маңызын жан-жақты ашып көрсетті.

Тартысты өткен өнер додасының қорытындысы бойынша:

  • I орын – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттеріне бұйырды;

  • II орынды – Амангелді Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының өнерпаздары иеленді;

  • III орынға – Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері табан тіреді.

Студенттердің өнерін теология, театр және медиа саласының сарапшылары бағалады. Олардың қатарында Марина Тәңірберген, Бахтияр Тұрсын, Серік Жолдасбай, Али Сейдулла және теолог Серікжан Еншібайұлы болды. Жоба аясында әлеуметтік бейнероликтер байқауы да ұйымдастырылып, олардың жеңімпаздары желідегі қаралым көрсеткіші бойынша анықталатыны хабарланды. Кеш соңы «JASSTARS» тобының өнерімен қорытындыланды.

Соңғы жаңалықтар