$ 447.14 € 500.35 ₽ 5.24

Құрылтай 6 жоғары сот өкілдерін лауазымдарынан босатты

Редакция
07 қазан 2026, 17:02
Құрылтай 6 жоғары сот өкілдерін лауазымдарынан босатты Сурет авторы: magnific.com

Құрылтай отырысында депутаттар Мемлекет басшысының Жоғарғы соттың бірнеше судьясын қызметінен босату туралы ұсынысын мақұлдады.

Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Дмитрий Малаховтың мәліметінше, 2026 жылғы 23 қыркүйектегі Президент Жарлығына сәйкес Сәкен Абдолла мен Аслан Тукиев Жоғарғы соттан Конституциялық соттың қызметіне ауыстырылған.

Ал Марина Боровик, Нұржан Қайыпжан, Валерий Ноздрин және Мәдениет Омарбекова зейнетке шығуға өтініш білдірген.

Дмитрий Малахов олардың көп жыл бойы сот жүйесінде еңбек етіп, заң үстемдігі мен әділдікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқанын айтты. Сондай-ақ аталған судьялардың кәсіби беделі мен судьялар қауымдастығындағы жоғары абыройын ерекше атап өтті.

Нәтижесінде Құрылтай депутаттары Мемлекет басшысының ұсынысын бірауыздан қолдап, аталған судьялардың қызметтерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.

 

Ислам Баман

Соңғы жаңалықтар