$ 447.14 € 500.35 ₽ 5.24

Құрылтай депутаты Татьяна Савельева өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатты

Абдрахманов Мағжан
07 қазан 2026, 10:46
Құрылтай депутаты Татьяна Савельева өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатты Сурет авторы: parlam.kz

Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеті өз өтініші бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавкат Өтемісов мәлімдеді.

«Құрылтай депутаты Татьяна Савельевадан өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш түсті. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы депутаттың өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін шешу үшін тиісті ұсынысты қарауға енгізеді», – деді Өтемісов.

Құрылтай Савельеваның депутаттық өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімді қолдады. Оған 130 депутат дауыс беріп, екеуі қалыс қалды.

Татьяна Савельева 2024 жылдан бастап Мәжіліс депутаты болған. Биыл «Әділет» партиясынан І шақырылымдағы Құрылтай депутаты болып сайланып, Қаржы және бюджет комитетінің құрамына кірген.

Савельеваның депутаттық өкілетін неліктен тоқтатуға шешім қабылдағаны әзірге айтылған жоқ.

Соңғы жаңалықтар