$ 447.14 € 500.35 ₽ 5.24

Қазақстан мен Сербия бір-біріне қару-жарақ пен әскери техника жеткізе алады

Абдрахманов Мағжан
07 қазан 2026, 12:48
Қазақстан мен Сербия бір-біріне қару-жарақ пен әскери техника жеткізе алады Сурет авторы: Қорғаныс министрлігі

Қазақстан мен Сербия әскери мақсаттағы өнімдерді бір-біріне жеткізе алады. Құрылтай екі ел үкіметтері арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады.

Келісімге 2023 жылғы 29 қарашада Белградта қол қойылған. Құжат Қазақстан мен Сербия арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықты тең құқылық негізінде және екі елдің ұлттық заңнамасына сәйкес дамытуға бағытталған.

Келісім аясында тараптар бір-біріне қару-жарақ пен әскери техника және әскери мақсаттағы өзге де өнімдерді жеткізе алады. Сонымен бірге әскери-техникалық салада жұмыстар атқару, қызмет көрсету, ақпарат пен құжаттама алмасу қарастырылған.

Құжат ынтымақтастық барысында әзірленген немесе берілген зияткерлік қызмет нәтижелері мен оларға қатысты айрықша құқықтарды да қамтиды.

Құрылтайдың мәліметінше, келісімді ратификациялау Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешенін одан әрі дамытуға қолайлы жағдай жасауға тиіс.

Соңғы жаңалықтар