PISA-2025 нәтижесі шықты: Қазақстан оқушылары қай деңгейде?
Сурет авторы: Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстандық 15 жастағы оқушылардың PISA-2025 зерттеуіндегі математика нәтижесі 2022 жылмен салыстырғанда төмендеді. Ал оқу сауаттылығы мен жаратылыстану бойынша көрсеткіштер айтарлықтай өзгерген жоқ. Қазақстан үш бағыт бойынша да Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының орташа көрсеткішінен төмен нәтиже көрсетті, деп хабарлады ұйым.
PISA-2025 зерттеуіне Қазақстандағы 643 білім беру ұйымынан 22 680 оқушы қатысты. Олар елдегі шамамен 324,6 мың 15 жастағы жасөспірімді қамтитын іріктемені құрайды. Жалпы зерттеуге әлемнің 91 елі мен аумағынан 760 мыңнан астам оқушы қатысқан. Қазақстан бойынша жиналған деректер PISA-ның сапа талаптарына сай деп танылды.
Қазақстанда жаратылыстану бойынша оқушылардың 52 пайызы кемінде екінші, яғни негізгі білім деңгейіне жеткен. ЭЫДҰ елдеріндегі орташа көрсеткіш – 74 пайыз. Қазақстандық оқушылардың ең жоғары бесінші және алтыншы деңгейге жеткендерінің үлесі өте аз.
Математикада жағдай төменірек: қазақстандық оқушылардың 44 пайызы ғана негізгі деңгейге жеткен. ЭЫДҰ бойынша бұл көрсеткіш – 65 пайыз. Ал күрделі математикалық тапсырмаларды орындай алатын жоғары нәтижелі оқушылар Қазақстанда шамамен 1 пайыз болса, ЭЫДҰ елдеріндегі орташа үлес – 8 пайыз. 2022 жылмен салыстырғанда Қазақстанның математикадағы нәтижесі төмендеген.
Оқу сауаттылығы бойынша қазақстандық оқушылардың 36 пайызы ғана кемінде екінші деңгейге жетті. ЭЫДҰ елдерінде орташа көрсеткіш – 69 пайыз. Жоғары деңгейдегі ұзақ мәтіндерді түсініп, дерек пен пікірді ажырата алатын оқушылардың үлесі Қазақстанда өте аз. Дегенмен елдегі оқу сауаттылығының орташа нәтижесі 2009 жылдан бері айтарлықтай өзгермеген.
PISA-2025-те алғаш рет цифрлық ортада білім алуға байланысты жаңа бағыт енгізілді. Онда оқушылардың есептеу арқылы мәселе шешу және цифрлық ортада өздігінен білім алу қабілеті бағаланды. Қазақстан бұл бағытта да ЭЫДҰ-ның орташа көрсеткішінен төмен нәтиже көрсетті.
Әлемде жағдай қандай?
PISA-2025 нәтижесі Қазақстандағы ғана емес, әлемдік білім жүйесіндегі мәселелерді де көрсетті. ЭЫДҰ дерегіне сүйенген Reuters мәліметінше, зерттеуге қатысқан елдердегі оқу сауаттылығының орташа нәтижесі осы ғасырдағы ең төменгі деңгейге түскен. Орташа көрсеткіш 2012 жылғы 501 ұпайдан 2025 жылы 466 ұпайға дейін төмендеді. Математикадағы орташа нәтиже 469, жаратылыстануда 486 ұпай болды.
Әлемдік көрсеткіштерде Шығыс Азия елдері мен аумақтары алдыңғы қатарға шықты. Қытайдың зерттеуге қатысқан өңірлері, Сингапур, Тайвань, Жапония және Оңтүстік Корея жоғары нәтиже көрсетті. Мысалы, математикадан ең жоғары деңгейге жеткен оқушылардың үлесі Қытайдың қатысқан өңірлерінде 54 пайыз, Сингапурда 37 пайыз, Тайванда 32 пайыз болды. Қазақстанда бұл көрсеткіш – 1 пайыз.
ЭЫДҰ әлемдегі нәтижелердің төмендеуін тек індет салдарымен байланыстырмайды. Зерттеуде оқушылардың экран алдында өткізетін уақытының артуы, әлеуметтік желілер мен өзге цифрлық алаңдарға алаңдау, кітапты қызығушылықпен оқудың азаюы және жасанды интеллект құралдарын шамадан тыс пайдалану білім нәтижесіне кері әсер етуі мүмкін екені көрсетілген.
Қазақстанда отбасылық қолдау көрсеткіші де төмендеген. 2022 жылы оқушылардың 68 пайызы ата-анасы аптасына кемінде бір рет мектепте не істегенін сұрайтынын айтса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 54 пайызға түскен. Мектептегі мәселелерін ата-анасымен аптасына кемінде бір рет талқылайтындардың үлесі 61 пайыздан 45 пайызға азайған.
PISA зерттеуі үш жыл сайын 15 жастағы оқушылардың алған білімін күнделікті өмірдегі мәселелерді шешуге қаншалықты қолдана алатынын бағалайды. Қазақстан зерттеуге 2009 жылдан бері қатысып келеді.
Соңғы жаңалықтар
-
Отбасы неғұрлым мұқтаж болса, мемлекет көмегі соғұрлым артады – Еңбек министрі
17 сағат бұрын
-
Қандай жәрдемақылар табысқа қарамай төленеді? Толық тізім
18 сағат бұрын
-
Еңбек министрі табысы мен мүлкін жариялап, отбасының санатын тексерді
18 сағат бұрын
-
Бала туғандағы төлем кімге беріледі: А-дан Е-ге дейінгі санаттар бойынша түсіндірме
18 сағат бұрын
-
NURORDA-ның екі оқушысы халықаралық физика олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
18 сағат бұрын
-
Ұлттық банк борышкердің шотында ең төменгі күнкөріс мөлшерін қалдыруды қолдады
19 сағат бұрын
-
200-ден астам қазақстандық жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты
19 сағат бұрын
-
Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып жаңа халықаралық бастамаға қосылды: ол не береді?
19 сағат бұрын
-
Қазақстан Газаны қалпына келтіруге үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді
20 сағат бұрын
-
Үйі мен көлігі бар отбасы да жәрдемақы ала алады – Еңбек министрлігі
23 сағат бұрын
-
Астанада 170 пәтерді заңсыз иемденбек болған: іске полицейлердің де қатысы болуы мүмкін
23 сағат бұрын
-
Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша айып тағылуда – Алматыда сот процесі басталды
1 күн бұрын
-
407 мың қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын пайдаланды: ақша қайда жұмсалды?
1 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап екі әлеуметтік төлем 8,5%-ға өсуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Navai-дың ұсталуына байланысты Ресей Қазақстанға нота жолдады
1 күн бұрын
-
Семейде нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды
1 күн бұрын
-
30 мыңнан астам қазақстандық әйел бала күтіміне берілетін жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Тоқаев Израиль Президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
1 күн бұрын
-
Reuters: Қазақстанмен байланыстырылған хакерлер Ресейдегі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған
1 күн бұрын
-
Алматылық жастар кітап оқып, ақшалай сыйлық ұта алады
1 күн бұрын
-
Еуроодақ ресейліктерге кіру тәртібін қиындатпақ: Шенген аймағында не өзгеріп жатыр?
1 күн бұрын
-
Отбасы банк қазақстандықтарға алты ай күтпей-ақ пәтер сатып алуға мүмкіндік берді
1 күн бұрын
-
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін өсті
2 күн бұрын
-
Зумерлердің жаңа құпиясы: Кэшбэктер мен банк бонустары қымбатшылықты қалай жеңіп жатыр
2 күн бұрын
-
БҰҰ Қазақстанды тұрмыстағы зорлық-зомбылықты жеке қылмыс ретінде тануға шақырды
2 күн бұрын
-
Футбол тарихындағы ең ірі инвестиция: Қазақстан ФИФА-дан қанша миллиард тенге алады?
2 күн бұрын
-
Рэпер Navai Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды
2 күн бұрын
-
ШҚО-да үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты
2 күн бұрын
-
Astana Media Week 2026 аясында медиа саласындағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды
2 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді
2 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың деректері шетелде өңделе ме: Yandex-тегі ақаудан кейін депутаттар тексеріс талап етті
2 күн бұрын
-
Қошанов: Реформалар елді бүгін өзгертсе, құндылықтар оның елу жылдан кейін қандай болатынын айқындайды
2 күн бұрын
-
Табыс қана емес: Қазақстанда жәрдемақы алатындардың шығыны да тексеріледі
2 күн бұрын
-
Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма? Жұманғарин жауап берді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда 529 мың адам жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
2 күн бұрын
-
РФММ-дегі балалардың жаппай улануы: асханадан заң бұзушылықтар табылды
2 күн бұрын
-
Үкімет жәрдемақыны қысқартып, қанша қаржы үнемдемек
2 күн бұрын
-
Маман тапшылығы шектен шықты: Елдегі ең дефицит дәрігер мамандықтары анықталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жол салу жүйесі түбегейлі өзгермек
3 күн бұрын
-
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті: РФММ жұмысы уақытша тоқтатылды
3 күн бұрын
-
Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқан inDrive жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
3 күн бұрын
-
Ипотека алу жеңілдей ме: Үкімет алғашқы жарнаны азайтуды тапсырды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді
3 күн бұрын
-
17 жылға бас бостандығынан айырылды : Астанада Telegram арқылы есірткі сатқандар сотталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың нақты табысы қаншалықты өсті?
3 күн бұрын
-
Астанада бір кеште 50 отбасы баспаналы болды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі тағы да көтерілді
3 күн бұрын
-
Қазақстан АЭС салуға қаншалықты дайын: МАГАТЭ миссиясы Астанаға келді
3 күн бұрын
-
Каспий жағалауынан тағы 15 итбалықтың өлексесі табылды
3 күн бұрын