$ 462.31 € 536.09 ₽ 5.34

Пәтер мен Lexus-ті пайызсыз береміз деген: Amanat Drive қаржы пирамидасының басшылары сотталды

Абдрахманов Мағжан
01 қыркүйек 2026, 11:37
Пәтер мен Lexus-ті пайызсыз береміз деген: Amanat Drive қаржы пирамидасының басшылары сотталды Сурет авторы: Freepik

Қонаевта Amanat Drive қаржы пирамидасының басшылары сотталды. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, жобаға 8 мыңнан астам адам қаражат салып, жалпы салым көлемі 21 млрд теңгеден асқан.

Салымшыларға жылжымайтын мүлік пен автокөлікті пайызсыз және бөліп төлеу шартымен алу мүмкіндігі уәде етілген.

Тергеу барысында қаражаттың бір бөлігі бақылаудағы компаниялар арқылы жарнама, талдау және басқа да қызметтерге ақы төлеу түрінде шығарылғаны анықталған. Осы жолмен 1,8 млрд теңгеден астам қаржы қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Салымшылардың ақшасына екі пәтер мен үш Lexus автокөлігі де сатып алынып, басқа адамдардың атына рәсімделген. Сот бұл мүлікті тәркілеу туралы шешім шығарды.

Шүкен К.К. 8 жылға, ал Үрәтбек М.С. 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар