$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Өзбекстанда балаларға ине шаншыған мұғалімнің үстінен іс қозғалды

Редакция
19 сәуір 2024 09:14 3991
Өзбекстанда балаларға ине шаншыған мұғалімнің үстінен іс қозғалды Сурет авторы: podrobno.uz

Ташкентте мектеп мұғалімі бірінші сынып оқушыларының қолын «тәрбиелеу мақсатында» инелермен және бұрандалармен шаншып алған. Сергели аудандық полиция бөлімі 22 жастағы мұғалімге «Азаптау» бабы бойынша айып тақты, деп хабарлайды Qrnews.kz тілшісі Podrobno.uz-ге сілтеме жасап.

Балалар омбудсменінің айтуынша, балаларды азаптаған мұғаліммен еңбек шарты бұзылған. Оның үстінен «кәмелетке толмаған баланы азаптау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осы бап бойынша жаза қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейтінін айта кетейік.

Тергеу шаралары басталды. Тергеу барысында зардап шеккен бірінші сынып оқушыларының үстінен сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар