$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Оңтүстік Кореяда зауытта шыққан өрттен 20-ға жуық адам қаза тапты

Редакция
24 маусым 2024 12:21 3424
Оңтүстік Кореяда зауытта шыққан өрттен 20-ға жуық адам қаза тапты

Оңтүстік Кореяның Хвасон қаласында Aricell литий батареясын шығаратын зауытта ірі өрт болды. Кейінгі ақпаратқа сәйкес, 20-ға жуық жұмысшы қазаға ұшырап, кемінде тағы үш адам хабар-ошарсыз кеткен.

Зауыттағы өрт 24 маусым күні жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 10:30 шамасында басталған, кішігірім жарылыстар болған. Өрт сөндірушілер сағат 15.00-ге қарай өртті ауыздықтады деп хабарлады жергілікті БАҚ. 

Өрт кезінде хабар-ошарсыз кеткен 23 адамның 20-сы – шетелдіктер, арасында Қытай азаматтары бар. Зауыт қызметкерлерінің жұмыс кестесі жазылған құжат өртеніп, жойылғандықтан, хабар-ошарсыз кеткен және қаза тапқан адам саны көбеюі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар