$ 465.08 € 536.52 ₽ 5.56

Меккеге апаруға уәде берген: 37 адамды 60 млн теңгеге алдағандар сотталды

Абдрахманов Мағжан
13 тамыз 2026, 13:18
Меккеге апаруға уәде берген: 37 адамды 60 млн теңгеге алдағандар сотталды Сурет авторы: Amr Nabil/ AP

Астанада Мекке мен Мәдинаға қажылыққа бармақ болған 37 адамды 60 млн теңгеге алдаған екі тұрғын сотталды, деп хабарлады елорда прокуратурасының баспасөз қызметі.

Сот материалдарына сәйкес, олар Сауд Арабиясына қажылық сапарын ұйымдастыратыны туралы хабарландыруды Instagram әлеуметтік желісінде жариялаған.

«Уәдеге сенген 37 қажы оларға жалпы сомасы 60 млн теңге берген. Алайда міндеттемелер орындалмай, алынған қаражатты олар өз қалауынша жұмсаған», – делінген прокуратура хабарламасында.

Сот екі айыпталушыны да төрт жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар жәбірленушілердің келтірілген материалдық шығынды өндіріп алу туралы азаматтық талабы қанағаттандырылды.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар