$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Қытай мен АҚШ «қарсылас емес, серіктес» болуы керек – Си Цзиньпин

Редакция
26 сәуір 2024 08:50 4809
Қытай мен АҚШ «қарсылас емес, серіктес» болуы керек – Си Цзиньпин Сурет авторы: Reuters

Бейжіңдегі Халық үйінде Қытай президенті Си Цзиньпин мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен кездесіп жатыр, деп хабарлады BBC. 

Екі елдің билігі мұндай кездесу болатынын басталуына сәл-ақ қалғанда жария етті. Бұл – Блинкеннің Қытайға соңғы бір жылда жасаған екінші сапары. Оның мақсаты – елдер арасындағы шиеленіскен қарым-қатынасты тұрақтандыру.

Жиында Си Цзиньпин Қытай мен АҚШ арасында серіктестік пен өзара сыйластықтың маңыздылығына тоқталып, бейбіт өмір сүруге және екі тарапқа да тиімді серіктестік орнатуға шақырды. Ол сондай-ақ АҚШ Қытайдың дамып жатқанын оң қабылдайды деп үміттенетінін білдірді.

Блинкен өз кезегінде АҚШ-Қытай қарым-қатынасын «әлемдегі ең маңызды» деп атады. Сондай-ақ келіспеушіліктерді шешіп, түсініспеушіліктердің алдын алу үшін белсенді дипломатияның маңызды екенін атап өтті.

Блинкеннің сапары Қытайдың өткір сынына ұшыраған АҚШ-тың TikTok-қа қатысты және Тайваньға әскери көмек көрсетудің жаңа пакетін қамтитын заң қабылданғанынан көп ұзамай орын алды.

Бұдан бөлек Блинкен Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван Имен кездесуінде Қытайдың “қызыл сызықтарын” аттамау қажеттілігі туралы ескертулерге тап болды. Ван И екі ел арасындағы қарым-қатынастар тұрақтана бастағанын, бірақ әлі де «теріс факторлармен» сыналып жатқанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар