$ 454.31 € 528.04 ₽ 5.25

«Қыркүйек» пе, «қыргүйек» пе? Жұлдыз Сүлейменова пікір білдірді

Редакция
08 қыркүйек 2026, 12:26
«Қыркүйек» пе, «қыргүйек» пе? Жұлдыз Сүлейменова пікір білдірді Сурет авторы: t.me/mazhilis_kz, ЖИ

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова кейінгі күндері әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан «қыркүйек» және «қыргүйек» сөздерінің жазылуына қатысты пікір білдірді. Бұл мәселені одан Үкімет отырысында Qrnews тілшісі сұрады.

Министрдің айтуынша, бұл мәселе Оқу-ағарту министрлігінің құзыретіне жатпайды және тіл біліміндегі өзгерістермен байланысты.

«Бұл сұрақ өзімді де қызықтырды. Ғалымдарымыздың, Рәбиға Сыздықтың ғылыми зерттеулеріне жүгінуіме тура келді. Мен өзім “қыркүйек” деп жазамын. Бізді солай оқытқан», – деді Сүлейменова.

Ол 1980-жылдар мен 2000 жылдардағы зерттеулерде «қыркүйек» нұсқасының қолданысы 93 пайызға жеткенін айтты.

Министрдің пікірінше, «қыркүйек» деп те, «қыргүйек» деп те жазу қате саналмауға тиіс. Дегенмен қазақ тілінің айтылымы мен жазылымында өзіндік ерекшеліктер бар екенін атап өтті.

«Егер ғалымдарымыз, Тіл білімі институты “қыркүйек” емес, “қыргүйек” дұрыс дейтін болса, біз ғалымдардың үнін естуіміз қажет. Ғалымдар нүктесін қоюы керек деп санаймын», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Соңғы жаңалықтар