$ 511.37 € 583.73 ₽ 6.46

ҚТЖ мүгедектерге арналған орындарды заңсыз сатқан жолсеріктерді жұмыстан шығарды

Редакция
27 мамыр 2025 13:20 62
Сондай-ақ бір жолсеріктің пойыз тамбурында темекі тартқаны анықталды
ҚТЖ мүгедектерге арналған орындарды заңсыз сатқан жолсеріктерді жұмыстан шығарды Сурет авторы: ЖИ иллюстарциясы

«Қазақстан темір жолы» компаниясы Алматы-2 вокзалында жүргізілген ішкі тексеріс нәтижесінде бірнеше жолсерікті жұмыстан шығарды. ҚТЖ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеріс кезінде бір қызметкердің мүгедек азаматқа арналған орынды заңсыз сатқандығы және бір жолсеріктің пойыз тамбурында темекі тартқаны анықталған.

Тексеріс қорытындысы бойынша жолсеріктер жұмыстан шығарылып, пойыз бастығына қатаң сөгіс жарияланды. ҚТЖ басшылығы мұндай заңбұзушылықтарға қарсы күрес жалғасатынын, қоғамдық бақылау және журналистердің қатысуымен барлық жолаушылар пойызында рейдтер өтетінін мәлімдеді.

Компания жолаушылардан заңсыз билет сату, билетсіз жүру немесе басқа да заңбұзушылықтардың куәсі болса, @jolaushylar_tasymaly Instagram парақшасының Direct-іне немесе +7 776 714 5686 WhatsApp нөміріне хабарласуды сұрайды. Фото, видео немесе аудио тіркеу құпталады.

Соңғы жаңалықтар