Референдум шешеді: Шотландия, Уэльс пен Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамынан бөлек шыққысы келеді
Сурет авторы: AP Photo / Scott Heppell
Ұлыбританияның үш бөлігінде – Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландияда елдің болашақ мемлекеттік құрылымы туралы пікірталас қайта күшейді. Бұған қыркүйекте үш аймақ үкіметі басшыларының Кардиффте бас қосып, өз халықтарының болашағын өздері айқындау құқығын қолдауы түрткі болды. Алайда үш аймақтағы жағдай бірдей емес және олардың Ұлыбританиядан шығуы жөнінде шешім қабылданған жоқ.
Шотландияда тәуелсіздік мәселесі ең нақты деңгейге жеткен. 28 тамызда Шотландия үкіметі тәуелсіздік туралы референдум өткізу жөніндегі заң жобасын жариялады. Құжатта 2014 жылғы референдумдағыдай «Шотландия тәуелсіз ел болуы керек пе?» деген сауал ұсынылған.
Мамырдағы Шотландия парламенті сайлауында тәуелсіздікті жақтайтын Шотландия ұлттық партиясы 58 орын алып, ең ірі саяси күш болып қалды. Шотландияның бірінші министрі Джон Суинни 10 қыркүйекте Ұлыбритания премьер-министрі Энди Бернэмге хат жолдап, жаңа референдум өткізудің заңды тетігін талқылауға шақырды.
Дегенмен Эдинбург референдумды өз бетінше өткізе алмайды. Лондон тәуелсіздік туралы дауыс беруге құқықтық жол ашуы керек. Ұлыбритания үкіметі мұндай мәселені қарастыру үшін қоғамдық қолдаудың айқын деңгейі болуы қажет деген ұстаным білдіріп отыр. Сондықтан Шотландияның тәуелсіздік алатыны немесе референдумның жақын арада өтетіні әзірге анық емес.
Солтүстік Ирландиядағы жағдай өзгеше. Мұнда мәселе жеке тәуелсіз мемлекет құру емес, Ұлыбритания құрамынан шығып, Ирландия Республикасымен бірігу төңірегінде өрбиді. 1998 жылғы Белфаст немесе Қасиетті жұма келісімі Солтүстік Ирландияның мәртебесін халықтың келісімімен өзгерту қағидатын бекітті.
Қолданыстағы тәртіп бойынша, егер халықтың басым бөлігі Ирландиямен бірігуді қолдайтыны ықтимал деп танылса, Ұлыбританияның Солтүстік Ирландия істері жөніндегі министрі референдум тағайындауға тиіс. Бірақ бұл меженің нақты қалай анықталатыны жөнінде пікірталас бар. Ирландия премьер-министрі Михол Мартин осы өлшемдерді нақтылау мәселесін Лондонмен талқылау қажеттігін айтқан.
Ұлыбритания үкіметі қазір мұндай референдум өткізу туралы шешім қабылдаған жоқ. 18 қыркүйекте Бернэм мен Мартин Қасиетті жұма келісімінің талаптарын сақтайтындарын тағы мәлімдеді.
Уэльсте де тәуелсіздік идеясы саяси күн тәртібінде бар, бірақ Шотландиядағыдай референдум өткізуге бағытталған нақты үдеріс басталған жоқ. Уэльс үкіметін тәуелсіздікті жақтайтын Plaid Cymru партиясының жетекшісі Рун ап Иорверт басқарады. Қазіргі бағытта Уэльске көбірек өкілеттік беру мәселесі де қатар көтеріліп отыр. Қыркүйектегі Кардифф кездесуінде Уэльс басшылығы референдумды дереу өткізуге шақырған жоқ.
Мәселенің қайта қызуына 14 қыркүйектегі Кардифф кездесуі ерекше әсер етті. Шотландияның Джон Суинниі, Уэльстің Рун ап Иорверті және Солтүстік Ирландияның Мишель О’Нилі конституциялық өзгерістерді халықтың өзі анықтауы керек деген ортақ ұстаным білдірді. Қазір Ұлыбританияның осы үш бөлігіндегі үкіметтерді ұлттық өзін-өзі айқындауды қолдайтын партиялар басқарып отыр.
Сондықтан «Ұлыбритания жақын арада үшке немесе төртке бөлінеді» деуге негіз жоқ. Қазіргі жағдайды үш бөлек саяси үдеріс деп қарастырған дұрыс: Шотландияда – тәуелсіздік жөніндегі жаңа референдумға ұмтылыс, Солтүстік Ирландияда – Ирландиямен бірігу мүмкіндігі, ал Уэльсте – өзін-өзі басқару аясын кеңейту және тәуелсіздік туралы саяси пікірталас. Олардың құқықтық жолдары да, қоғамдық қолдау деңгейі де әртүрлі.
Соңғы жаңалықтар
-
МӘМС болмаса да: 2027 жылдан бастап қазақстандықтар қандай тексеруден тегін өте алады?
19 сағат бұрын
-
Қытай көлік экспортын қатаңдатады: бұл Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?
19 сағат бұрын
-
Сабақтан кейінгі жанжал мектеп оқушысының өлімімен аяқталды
20 сағат бұрын
-
«TikTok-менталитеттен» арылудың жолы: Тоқаев жастардың мінез-құлқын өзгертетін бастама ұсынды
20 сағат бұрын
-
Қазақстанның робототехника құрамасы FIRST Global Challenge 2026 халықаралық чемпионатында үздік төрттікке енді
21 сағат бұрын
-
Ерлан Қошанов: Мемлекет пен қоғам арасындағы тұрақты диалогтың жұмыс істейтін жүйесін құруға тиіспіз
22 сағат бұрын
-
Қазақстанда семіздікті кешенді емдеу мен алдын алудың жаңа бағдарламасы басталды
1 күн бұрын
-
Ресейдің сұрауымен Астанада ұсталған Украина азаматы босатылды
1 күн бұрын
-
Астанада әскери ұшақтар ұшып, жол қозғалысы шектеледі: себебі неде?
1 күн бұрын
-
Үндістанда танкерде бірнеше ай қалған қазақстандық елге қайтарылады
1 күн бұрын
-
Непалдағы апат: жоғалды деп есептелген қазақстандық елде екені анықталды
1 күн бұрын
-
Доллар қайта қымбаттады: 9 қазандағы валюта бағамы
1 күн бұрын
-
Солтүстікте күн суытады, оңтүстікте +24 градус: 9 қазанға болжам
1 күн бұрын
-
Қазақстан Халық Кеңесі 2026–2027 жылдарға арналған жұмыс жоспарын талқылады
1 күн бұрын
-
Экологиялық мәдениет сенбілікпен шектелмейді: Өскеменде жастар «Таза Қазақстан» идеясы төңірегінде бірікті
1 күн бұрын
-
Құрылтай IT мамандарын жасанды интеллект бойынша ұсыныс беруге шақырды
1 күн бұрын
-
БАӘ министрі Астанадағы фестивальді жасанды интеллектің үздік үлгісі ретінде бағалады
1 күн бұрын
-
АҚШ-та қалғысы келетін шетелдік студенттерге талап күшейтілуі мүмкін
1 күн бұрын
-
«Жапонияда 11 мың, Қазақстанда 463 мың теңге»: Аймағамбетов дәрі мәселесін көтерді
1 күн бұрын
-
Қазақстанда кімге мемлекеттен жәрдемақы берілмейді? Отбасыңыздың әл-ауқаты баллмен есептеледі
1 күн бұрын
-
14 қазақстандық соғыс аймағынан қайтарыла ма? СІМ жауап берді
1 күн бұрын
-
Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесмен анықталды: Forbes жаңа рейтинг жариялады
2 күн бұрын
-
Астанада гардеробта балалар қысылып қалған видеодан кейін мектеп директоры қызметінен босатылды
2 күн бұрын
-
Алматы облысында тротуардағы балаларды қағып кеткен жүргізуші ұсталды
2 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап ауқатты қазақстандықтарға бірқатар жәрдемақы төленбейді: Үкімет тізімді бекітті
2 күн бұрын
-
ДДСҰ артық салмағы бар балаларды операция мен дәрі-дәрмексіз емдеудің жолын айтты
2 күн бұрын
-
Жаңбыр, сулы қар және көктайғақ: 8 қазанда күн райы қандай болады
2 күн бұрын
-
Тоқаев Путинге телефон соғып, туған күнімен құттықтады
2 күн бұрын
-
ЖСН-ді өзгертуге бола ма: ІІМ жауап берді
2 күн бұрын
-
Астанада діндердің климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі рөлі туралы құжат қабылданды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда әскери қылмыстардан зардап шеккендер саны рекордтық деңгейге жетті
2 күн бұрын
-
Құрылтай 6 жоғары сот өкілдерін лауазымдарынан босатты
2 күн бұрын
-
Қазақстан неге дәл Сербиямен әскери ынтымақтастықты күшейтіп жатыр?
2 күн бұрын
-
Тоқаев FIDE басшысы болған Тимур Турловқа бірқатар міндет қойды
2 күн бұрын
-
Университет курстарын ЖИ әзірлейді: SDU студенттері отандық AI-платформа ойлап тапты
2 күн бұрын
-
Қазақстаннан Нью-Йоркке тікелей рейс ашу тағы кейінге қалды
2 күн бұрын
-
Астанада 15 ЖОО студенттері бағын сынаған театрландырылған байқау өтті
2 күн бұрын
-
Ресей әскерінен қашып, Қазақстанға кірген азамат елден шығарылмақ
2 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өндіре тұра, неге Ресейден бензин мен дизель сатып алады?
2 күн бұрын
-
Қазақстан мен Сербия бір-біріне қару-жарақ пен әскери техника жеткізе алады
3 күн бұрын
-
Шоты бұғатталған қазақстандықтардың негізгі қажеттіліктеріне ақша қалдыру ұсынылды
3 күн бұрын
-
Құрылтайдағы мандатын тапсырған Татьяна Савельева Қорғаныс министрінің орынбасары болды
3 күн бұрын
-
Студенттердің банк карталары бақыланады: Парламентте маңызды бастама көтерілді
3 күн бұрын
-
30 млрд теңге үнемделеді: Қазақстан Ресейден мұнай өнімдерін импорттауды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Адам миын жарықпен басқару: Медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды
3 күн бұрын
-
«140 мың теңге айлық»: Қазақстандық дәрігерлер жалақыны өсіруді талап етіп жатыр
3 күн бұрын
-
Құрылтай депутаты Татьяна Савельева өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатты
3 күн бұрын
-
Ресейдегі зертханашының қазасы: ДДСҰ оба тарау қаупін бағалады
3 күн бұрын
-
«Сенесіз бе, сенбейсіз бе...»: Трамп Украинадағы соғысты тоқтатудың соңғы кезеңіне келгенін мәлімдеді
3 күн бұрын
-
Ресейдегі соғыс аймағына тап болған қазақстандықтар елге қалай қайтарылады?
3 күн бұрын