$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Колумбия университеті Палестинаны қолдап наразылыққа шыққан студенттерді оқудан шеттете бастады

Редакция
30 сәуір 2024 05:49 4614
Колумбия университеті Палестинаны қолдап наразылыққа шыққан студенттерді оқудан шеттете бастады Сурет авторы: Tayfun Coskun / Anadolu

Колумбия университеті Палестинаны қолдап наразылыққа шыққан студенттерді оқудан шеттете бастады. Студенттер университеттің ереуіл болып жатқан жерден кету туралы талабын орындамаған, деп хабарлайды Qrnews тілшісі The Guardian-ға сілтеме жасап.

Университет басшылығы студенттердің 29 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-ге дейін лагерьден кетуін талап еткен. Университет ректоры Минуш Шафик наразылық акциясын ұйымдастырушылармен келіссөз сәтсіздікке ұшырағанын мәлімдеді.

Талапты орындамай, шеру орнында қалғандар тергеуге дейін оқудан шеттетілді.

Наразылыққа шыққандар антисемитизм үшін айыпталды. АҚШ бойынша әртүрлі университет кампустарында 900-ден астам студент ұсталған.

Соңғы жаңалықтар