$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Қазақстанның сыртқы қарызы қанша?

Редакция
01 қазан 2024 05:17 2741
Қазақстанның сыртқы қарызы қанша? Сурет авторы: the-steppe.com

Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанның сыртқы қарызы 166,7 млрд АҚШ долларына жетті. Ұлттық банк мәліметінше, бұл көрсеткіш жыл басынан бері 3 млрд долларға өскен. Оның ішінде 2,7 млрд доллар төлем балансының операцияларына байланысты артса, 0,3 млрд доллар бағам мен басқа да өзгерістердің әсерінен ұлғайған.

Сыртқы қарыздың басым бөлігі, яғни 87,5%-ы ұзақ мерзімді қарыздардан тұрады. Бұл бір жағынан қаржылық тұрақтылықты сақтауға көмектеседі, бірақ қарызды қайтару барысында нарықтағы өзгерістердің әсерін күшейтеді. Қарыздың негізгі бөлігін шетелден алынған несиелер (73,9%) құрайды, ал шетелдік инвесторлар иелік ететін борыштық бағалы қағаздар 8%-ға тең.

Сыртқы қарыз – бұл еліміздің шетелдік кредиторлар алдындағы төленуі керек міндеттемелері, яғни қарыз бен оған есептелген пайыздарды уақытында қайтаруды білдіреді.

Соңғы жаңалықтар