$ 454.31 € 528.04 ₽ 5.25

Қазақстанда жасанды интеллект кесірінен жойылатын мамандықтар аталды

Редакция
08 қыркүйек 2026, 11:44
Қазақстанда жасанды интеллект кесірінен жойылатын мамандықтар аталды Сурет авторы: ЖИ иллюстрациясы

Технологиялар мен жасанды интеллект еңбек нарығын қарқынды түрде өзгертіп жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Үкімет отырысында Қазақстанда жақын арада жойылып кетуі мүмкін мамандықтарды атап өтті.

Ведомство басшысының айтуынша, кейбір кәсіп иелерінің қызметіне деген сұраныс толығымен жоғалады. Олардың қатарында мәтін терушілер мен өңдеушілер, деректерді енгізуші қызметкерлер және корректорлар бар. Сонымен қатар мамандықтардың басым бөлігі трансформацияға ұшырап, мүлдем жаңа бағыттар пайда болады.

Осыған орай, экономика салаларында болашағы бар мамандықтар алдын ала айқындалып, біліктілік талаптары мен білім беру бағдарламалары жедел жаңартылып жатыр. 2035 жылға дейін еңбек нарығындағы кадрларға деген қажеттілік, кадрларды ауыстыру мен жаңа сұранысты қосқанда, 2,9 миллион адамды құрайды. Оның 1,8 миллионы - жұмысшы мамандықтары бойынша кадрлар.

Ең жоғары сұраныс өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және IT салаларында байқалады. Бұл ретте сұранысқа ие мамандықтар тізбесі 51-ден 174-ке дейін кеңейтіледі. Жаңартылған тізімге мынадай бағыттар енеді:

– Инженерия

– Құрылыс

 – Өңдеу өнеркәсібі

– Биотехнологиялар

– «Жасыл» энергетика

 – Ядролық энергетика

Соңғы жаңалықтар