$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара бекеті тағы төрт айға жабық болады

Редакция
19 мамыр 2025 05:33 4046
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара бекеті тағы төрт айға жабық болады Сурет авторы: podrobno.uz

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы "Тәжен" шекаралық бақылау-өткізу пунктінің жұмысына қойылған шектеулер тағы төрт айға – 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұзартылды. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Аталған шекара бекеті 1 ақпаннан бастап жеке тұлғаларға, жеңіл көліктерге, автобустарға және жүк көтерімділігі 3,5 тоннадан төмен көлік құралдарына жабылған болатын. Бұл шешім құрылыс жұмыстарын жылдам әрі толық аяқтау мақсатында қабылданған.

Қазіргі таңда бекетте металл конструкцияларды орнату, инженерлік желілерді тарту, ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар 2025 жылдың мамырынан бастап "ҚазАвтоЖол" компаниясы "Тәжен" мен "Даут Ата" (Өзбекстан) шекара бекеттерінің арасындағы бейтарап аумақта жол салуды бастайды. Ұқсас жұмыстар Өзбекстан тарапында да жоспарланған.

Қазақстан тарапы шекара өткеліндегі жұмыстардың жалғасуына байланысты Өзбекстанға өткізу шектеуін ұзарту туралы ресми ұсыныс жолдаған. Өзбекстан бұл бастаманы қолдады.

Соңғы жаңалықтар