$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қазақстан мен Өзбекстан арасында әуе рейcі артады

Редакция
11 мамыр 2024 09:26 4054
Қазақстан мен Өзбекстан арасында әуе рейcі артады

Қазақстан көлік министрі Марат Қарабаев Өзбекстан көлік саласына жауапты министрі Илхом Махкамовпен кездесті. 

Кездесу барысында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары және әріптестікті одан әрі нығайту мүмкіндіктері, сондай-ақ халықаралық көлік дәліздерін, теміржол және автомобиль көлігін дамыту, көлік инфрақұрылымын салу салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселесі талқыланды.

Азаматтық авиация көлік-логистикалық хабтың негізгі қозғаушы күші. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Өзбекстан қалалары арасында аптасына 37 рейс орындалады.

Өткен жылы Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстанның авиациялық билік органдары арасында келіссөздер өткен болатын.

Келіссөз барысында тараптар рейстер санын одан әрі ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту мәселелерін талқылап, рұқсат етілген рейс санын Астана — Ташкент бағыты бойынша аптасына 12 рейстен 36 рейске дейін, Алматы-Ташкент бағыттары бойынша аптасына 20 рейстен 36 рейске дейін, ал қалған маршруттарда аптасына 4 рейске дейін ұлғайтуға уағдаласты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2024-2025 жылдар аралығында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көлік және логистика саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Жол картасына қол қойды.

Соңғы жаңалықтар