$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді

Редакция
28 сәуір 2024 05:12 2461
Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді

«Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС хабарлауынша, жер сілкінісі 28 сәуірде сағат 04:58-де тіркелген. 

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 320 км жерде Қытай мен Қазақстан шекарасында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.9.

MPV магнитудасы – 4.8.

Эпицентрдің координаттары – 44.79° С. Е. 80.23° ш. б.

Тереңдігі – 10 км.

 

Соңғы жаңалықтар