$ 456.56 € 530.52 ₽ 5.28

Қазақстан Қытайдан миллиардтаған қарыз алуды жалғастырып жатыр

Редакция
07 қыркүйек 2026, 14:24
Қазақстан Қытайдан миллиардтаған қарыз алуды жалғастырып жатыр Сурет авторы: GT

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі AIX биржасы арқылы жалпы сомасы 6,6 миллиард юань болатын мемлекеттік облигацияларды орналастыруға өтінімдерді қабылдауды бастады. Бұл шамамен 448 миллиард теңгені құрайды, деп хабарлайды Finmentor.kz.

Аталған қаражат екі бөлікке бөлініп орналастырылады. Бірінші шығарылым көлемі 5 миллиард юаньды (340 миллиард теңге) құрайды және өтеу мерзімі 2029 жылдың 7 қыркүйегіне белгіленген. Бұл үшжылдық бағалы қағаздардың болжамды кірістілігі жылдық 1,8–1,9 пайызды құрайды.

Екінші шығарылым 2031 жылға дейін есептелген бесжылдық панда-бондыларды қамтиды. Олардың кірістілігі жылдық 1,9–2,2 пайыз аралығында болады деп күтілуде, ал сыйақы төлемдері жыл сайын жүргізіліп отырады. Дегенмен, түпкілікті пайыздық мөлшерлеме әлі де нақтылану үстінде. Биржада өтінімдерді қабылдау Астана уақыты бойынша сағат 11:00-ден 14:00-ге дейін жүзеге асырылады.

Еске салайық, биыл мамыр айында Қаржы министрлігі Қытайдың қор нарығында көлемі 3,4 миллиард юань болатын алғашқы панда-облигацияларын сәтті орналастырған болатын. Үш жылдық мерзімі бар және купондық ставкасы 1,9 пайызды құрайтын бұл дебюттік шығарылым сегіз ай ішіндегі жалғыз шетел валютасындағы мемлекеттік қарыз болды.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, қытай юаніндегі қарыздардың тартылуы қаржыландыру құнының төмендігімен және екі ел компанияларының бірлескен ірі инвестициялық жобаларын іске асыру қажеттілігімен тікелей байланысты.

Соңғы жаңалықтар