$ 456.56 € 530.52 ₽ 5.28

Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының жаңа басшылығы тағайындалды

Абдрахманов Мағжан
05 қыркүйек 2026, 13:55
Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының жаңа басшылығы тағайындалды Сурет авторы: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының басшысы мен оның орынбасарларын тағайындады. Тиісті Жарлық пен өкімдерді Мемлекет басшысы қабылдады.

Президент Жарлығымен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы болып тағайындалды. Ол бұрын атқарған қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Нұржан Хажимұратұлы Каджиақбаров Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары қызметіне келді. Ол да бұрынғы лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары болып тағайындалды. Ол бұрын атқарған қызметінен босатылды.

Тағы бір өкіммен Геннадий Иванович Зуев Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Бұған дейін Президент Жарлығымен Аида Балаева Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары болып тағайындалған еді.

Соңғы жаңалықтар