Енді қазақстандықтар зейнетақы жинағының 100%-ын жеке басқарушыға бере алады
Сурет авторы: nalog.gov.ru
7 қыркүйектен бастап Қазақстанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылары міндетті зейнетақы жинағының 100%-ын жеке инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға бере алады. Бұған дейін мұндай мүмкіндік жинақтың 50%-ымен шектелетін.
Салымшыларға міндетті зейнетақы жарналары есебінен жиналған қаражаттың 50%-ына дейін жеке басқарушыға беру құқығы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап берілген еді. Енді бұл шектеу алынып тасталды және азаматтар өз қалауымен шоттағы қаражаттың толық сомасын жеке басқаруға өткізе алады.
Бұл не үшін керек?
БЖЗҚ түсіндірмесіне сәйкес, зейнетақы жинағының 100%-ын жеке басқарушыға беру салымшыға компаниялардың инвестициялық стратегиясы мен нәтижесін ескере отырып, ұзақ мерзімде жинағын көбейту мүмкіндігін береді.
1 қыркүйектегі дерек бойынша, БЖЗҚ активтерінің жыл басынан бергі кірістілігі 4,39% болған. Осы кезеңдегі жинақталған инфляция 5,7%-ды құрады.
Ал жекелеген жеке басқарушылардың көрсеткіші бұдан жоғары. Мәселен, «Сентрас Секьюритиз» компаниясының жеті айдағы кірістілігі 9,72%-ға жеткен.
Алайда жеке басқарушының өткен кезеңдегі жоғары кірістілігі болашақта да дәл сондай нәтиже болады дегенді білдірмейді. Салымшы компанияның инвестициялық стратегиясы мен тәуекелдерін өзі бағалайды.
Жинақты қай компанияларға беруге болады?
Қазір зейнетақы активтерін басқаруға алты компания жіберілген:
- «Alatau City Invest»;
- «BCC Invest»;
- «Halyk Global Markets»;
- «Halyk Finance»;
- «Сентрас Секьюритиз»;
- «Tansar Capital».
«Halyk Global Markets» 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-мен жасалған шартты тоқтататынын хабарлаған. Осыған байланысты компанияға жаңа зейнетақы активтерін беру туралы өтініштер қабылдау тоқтатылған. Компания тізілімнен шығарылған жағдайда салымшылардың қаражаты Ұлттық банк басқаруына қайтарылады.
2027 жылдан бастап мемлекеттік кепілдік те өзгереді
2027 жылдан бастап зейнетке шығатын БЖЗҚ салымшыларына инфляция айырмасын біржолғы өтеу тоқтатылады.
2025 жылы мемлекеттік кепілдік бойынша 108 156 адамға 16 млрд теңгеден астам қаржы төленген. Ал 2026 жылдың қаңтар-шілде айларында 61 682 адам шамамен 9,7 млрд теңге алған. Бұл төлем 2026 жылдың соңына дейін сақталады.
Жеке басқарушылардың рөлі арта түспек
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі капитал нарығын 2030 жылға дейін дамыту бағдарламасында зейнетақы активтерін басқаруға жеке компанияларды кезең-кезеңімен көбірек тартуды ұсынған.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, басқарушылар байқау арқылы іріктеліп, активтердің жекелеген бөлігін басқаруға алады.
Олардың жұмысы ай сайын бағаланады. Жақсы нәтиже көрсеткен компания активтерді басқаруды жалғастырады, ал көрсеткіші төмен болған жағдайда қаражат басқа басқарушыға берілуі мүмкін.
Соңғы жаңалықтар
-
«Алаңдауға негіз жоқ»: Семейде 1 қазаннан бастап жылу беріле бастады
31 минут бұрын
-
Табысы жоқ, бірақ үйі мен бірнеше көлігі бар: салық органдары кімдерге назар аударады
2 сағат бұрын
-
Паспортты онлайн қайта рәсімдеу қашан іске қосылады: Министрлік жауабы
2 сағат бұрын
-
Қазақстанда әлеуметтік желі қолданушыларының жасын жасанды интеллект тексереді
3 сағат бұрын
-
16 миллион қазақстандықтың дерегі таралған даулы іс: Министрлік тергеудің қалай аяқталғанын білмейді
3 сағат бұрын
-
Жылыту маусымы басталды: үйіңізге жылу берілмесе, кімге хабарласу керек?
3 сағат бұрын
-
Ірі қалалардағы кептелісті азайту үшін жаңа жүйе енгізіледі
4 сағат бұрын
-
Елімізде көлік жүргізушілеріне шұғыл ескерту жасалды
4 сағат бұрын
-
Қызылордалық зейнеткер өз үйін сатып жібергенін 3,5 жылдан кейін білген
4 сағат бұрын
-
Семей жылыту маусымына дайын болмай шықты: Бектенов әкім орынбасарын жауапқа тартуды тапсырды
5 сағат бұрын
-
Астанада тұрақта тұрған бес көлік өртеніп кетті (ВИДЕО)
5 сағат бұрын
-
Өскеменде кафеге келген адамға ескерту жасаған полицей қаза тапты
5 сағат бұрын
-
Доллар бір күнде 7 теңгеден астам қымбаттады: 6 қазандағы валюта бағамы
5 сағат бұрын
-
Қар, көктайғақ және қатты жел: 6 қазанда күн райы қандай болады
8 сағат бұрын
-
Әскердегі былық: Қорғаныс министрлігін тексеру кезінде 13 қылмыстық іс қозғалды
21 сағат бұрын
-
Қорғаныс министрлігінде ауқымды аудит басталды: 48 әскери бөлім тексеріледі
21 сағат бұрын
-
Францияда оқушылардың митингі салдарынан 500-ге жуық мектепте сабақ тоқтатылды
1 күн бұрын
-
Бишімбаевтың анасы бұрынғы келінінен 14 млн теңге талап етті: сот шешімі шықты
1 күн бұрын
-
Мектепке бармаған, қоқыстан тамақ іздеген: БҚО-да 10 жасар баланың анасы ата-ана құқығынан айырылды
1 күн бұрын
-
Иркутскіде оба шықты ма: Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады
1 күн бұрын
-
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге қымбаттауы мүмкін
1 күн бұрын
-
Тоқаев Қарулы Күштер Бас штабының жаңа бастығын тағайындады
1 күн бұрын
-
Доллар қымбаттады: бүгін айырбастау орындарындағы бағам қандай
1 күн бұрын
-
Қар, нөсер және қатты жел: 5 қазанда Қазақстанда күн райы қандай болады
1 күн бұрын
-
84 медаль және үш саты жоғары: Қазақстан Азия ойындарын қалай аяқтады
2 күн бұрын
-
Астанада жасанды интеллект киносын дамытуға 2 миллион доллар бөлінді
2 күн бұрын
-
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауазымды басшыны қызметінен босатты
3 күн бұрын
-
СІМ соғыс аймағындағы қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр
3 күн бұрын
-
Алматы облысында жылына 1 млрд литр сусын өндіретін жаңа зауыт ашылды
3 күн бұрын
-
Қазақстанға 12-алтын: Тамерлан Төлеулес Азия ойындарының чемпионы атанды
3 күн бұрын
-
Қазақстанға бокстан екінші алтын: Айбек Оралбай Азия ойындарының чемпионы атанды
4 күн бұрын
-
«Жаңа кен орны ашылғанмен бірдей»: журналист Қазақстанның IT экспортындағы өсімге назар аударды
4 күн бұрын
-
12 жылдан кейін: Төрехан Сабырхан Азия ойындарының чемпионы атанды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда Украина азаматы Ресейдің сұрауымен ұсталды
4 күн бұрын
-
Тегін дәрі-дәрмек енді QR-код арқылы беріледі: Қазақстанда жаңа жүйе енгізілмек
4 күн бұрын
-
Доллар қайта қымбаттады: 2 қазандағы валюта бағамы
4 күн бұрын
-
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады: 2 қазанда күн райы қандай болады
4 күн бұрын
-
Халық Кеңесінің тұрақты комитет төрағалары мен құрамы бекітілді
4 күн бұрын
-
Ресей Калининград қоршауға алынса, ядролық қару қолдануы мүмкін екенін ескертті
4 күн бұрын
-
Алматының лас ауасы қанға дейін жетеді: тәжірибе не көрсетті
4 күн бұрын
-
Әскерге сау кетіп, арбаға таңылып оралды: сарбаздың туыстары әділдік іздейді
5 күн бұрын
-
Қазақстан, Ресей және тағы төрт ел «экстремистер» туралы дерек алмасады
5 күн бұрын
-
Жабылып қалу қаупі бар ма: жекеменшік балабақшалар жаңа талаптарға алаңдап отыр
5 күн бұрын
-
Шымкентті жағымсыз иіс жайлады: әкім оның көзін табуды тапсырды
5 күн бұрын
-
Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореядағы құрылыс нысанында қаза болды
5 күн бұрын
-
Мектеп оқушылары күзде неше күн демалады
5 күн бұрын
-
"Ұшқыш террорист болуы мүмкін": Трамп пен Нетаньяху Flydubai рейсіндегі оқиғаны талқылады
5 күн бұрын
-
Қазаннан бастап Қазақстанда не өзгереді
5 күн бұрын
-
Доллар қымбаттады: 1 қазанда айырбастау орындарында бағам қандай
5 күн бұрын
-
Жаңбыр мен қатты жел: 1 қазанда Қазақстанда күн райы қандай болады
5 күн бұрын