$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Редакция
02 мамыр 2024 13:34 2224
Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Бас прокуратура мәліметінше, Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты 30 сәуірде бұрынғы министр Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

29 cәуірде Қаңтар оқиғасынан кейін ішкі істер министрі қызметінен босаған Ерлан Тұрғымбаев "билік пен лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды" деген күдікпен ұсталған. Бас прокуратура қылмыстық істе мемлекеттік құпиялар болғандықтан, басқа деректер жарияланбайтынын айтты.

Айта кетейік, Ерлан Тұрғымбаев ҚР Ішкі істер министрлігін 2019 жылдан бастап басқарды. 

Ол лауазымынан қаңтар оқиғасынан соң 2022 жылы босатылған.

Бұдан соң ол жарты жылдай президенттің кеңесшісі, ал 2023 жылы ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының кеңесшісі қызметіне тағайындалды. 

Ерлан Тұрғымбаев – Қаңтар оқиғасына байланысты күдікке ілінген екінші министр. Бұған дейін қорғаныс министрі болған Мұрат Бектанов "қызметін асыра пайдаланды" деп 12 жылға сотталған.

Соңғы жаңалықтар